Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » РОНАЛДУДЫҢ ҚОШТАСУ ХАТЫ

РОНАЛДУДЫҢ ҚОШТАСУ ХАТЫ

Клубтағы жəне Мадрид қаласында өткізген жылдар, бəлкім менің өмірімдегі ең бақытты кездер болар. Клубпен қалаға үлкен алғыс айтамын. Өзіме көрсетілген қолдау мен сіздердің маған деген шексіз махаббаттарыңызға алғыс білдіремін. 

Өмірімнің жаңа кезеңін бастайтын уақыт келді деп ойлаймын. Сол себепті клубтан мені босатуын өтіндім. Барлық жанкүйерлерден маған түсіністікпен қарауын сұраймын. 

Тоғыз жыл бойы жанкүйерлер таңғажайып қолдау көрсетті. Бұл тоғыз жыл- мінсіз өткізілген жылдар болды. Бұл есте сақтарлық жылдар... 
Менің командалық əріптестерім өте тамаша жандар болды. Біз бірге үш жыл қатарынан Чемпиондар Лигасын жəне соңғы бес жылда төрт рет осы жүлдені жеңіп алдық. Солардық арқасында ғана мен төрт "Алтын Доп" пен үш "Алтын Бутса" иегері атана алдым. Осы уақыт аралығында мен шыныменде үлкен клубта өнер көрсеттім. 

Реал Мадрид-менің жүрегімді, жанұямды жаулап алды. Клубқа, президентке, директорларға, əріптестерге, дəрігерлерге, физиотерапевтерге жəне клубтың барлық қызметкерлеріне үлкен алғыс айтамын. 

Мен ұзақ уақыт ойландым. Жаңа уақыт келді. Мен кетіп барамын, бірақ осы жейде мен "Сантьяго Бернабеу" мен қайда жүрсемде менің жанымнан табылады. 

Барлықтарыңызға алғыс айтамын! 9 жыл бұрын стадионда айтқан сөзімді қайталаймын: HALAMADRID.
10 шілде 2018 ж. 973 0