Соңғы жаңалықтар

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

№16 (8830) 1

01 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » КҮМІС – ҚОЛДА, АЛТЫН – ЖОЛДА. КӨПТЕН КҮТКЕН АЛТЫН ДА БҰЙЫРАР

КҮМІС – ҚОЛДА, АЛТЫН – ЖОЛДА. КӨПТЕН КҮТКЕН АЛТЫН ДА БҰЙЫРАР

 Кеше Нұр-Сұлтанда күрес түрлерінен лицензиялық әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы күні төрт салмақ дәрежесі бойынша грек-рим күресі шеберлері бақ сынады. 55 келі салмақта Қорлан Жақанша әлем чемпионатының финалына шықты. Ол жартылай финалда 2018 жылғы әлем чемпионы, әзірбайжандық Эльданиз Азизлиді жеңіп, финалға жолдама алды.  Өте тартысты өткен белдесуде қазақ балуаны 11:5 есебімен жеңіске жетті. Финалдық жекпе-жек бүгін өтеді. Шешуші белдесуде Қорлан Жақанша грузиялық Нугзари Цурцумиямен кездеседі. 
    Ал, 63 келіде белдескен Алмат Кебіспаев жартылай финалда өзінің байырғы қарсыласы, жапондық Ота Шинобуға есе жіберді. 2016 жылғы Рио Олимпиадасының 1/8 финалында Алмат тап осы балуаннан ұтылған болатын.  Бірінші кезеңде Алмат 1:0 есебімен алда тұрған. Алайда, екінші кезеңде жапондық балуанның әдістері сәтті шығып, 10:1 есебімен жеңіске жетті.  Осылайша, Алмат әлем чемпионатының қола жүлдесіне таласады. 
   Ұлттық құрама сапында белдесуге шыққан Демеу Жадыраев (72 келі) пен Мақсат Ережепов (82 келі) жүлделі орыннан сырт қалды.
15 қыркүйек 2019 ж. 883 0