№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "ӨЗІҢДЕЙ БЕРДІБЕКТЕР КӨП БОЛСА ЕКЕН"

"ӨЗІҢДЕЙ БЕРДІБЕКТЕР КӨП БОЛСА ЕКЕН"

Ақтөбеліктер экс-әкімді осылай әуендетіп шығарып салды. Ал, Бердібек Сапарбаев жиналғандарды "Мен қайтып келемін" деп, бір қуантты.

Ақтөбеліктер әуежайға жиналып, бұрынғы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты Астанаға қимастықпен шығарып салды. Қарапайым тұрғындар, қоғамдық бірлестік басшылары, Құралай Байменова бастаған мүгедектер бірлестігінің мүшелері экс-әкімді құшақтап, қош айтысты. Естелік суретке түсіп, гүл берді, шапан кигізді. Ақындар Бердібек Сапарбаевтың халыққа жасаған зор еңбегін ерекше атап өтіп, “Өзіңдей Бердібектер көп болса екен” деп жыр арнады.
Иә, 4 жылға жуық уақыт Ақтөбені басқарған Бердібек Машбекұлы тек өңірдің көркеюіне, өркендеуіне, халықтың тұрмысының артуына жұмыс жасады. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандарға көп қамқорлық жасады. Бір сөзбен айтқанда, өзге әкімдерге үлгі-өнеге қалдырып кетті...
– Әрбір бас үшін ең қиын нәрсе – кету. Келу оңай, кету қиын. Мен енді Ақтөбеде көп жұмыс істеген жоқпын, дегенмен сіздерге үйреніп қалдым. Шынын айту керек, маған да оңай емес, бірақ мен Мемлекет басшысының солдатымын, қайда жіберсе де, жүре беремін. Сенімін атқаруға тырысамын, менің жасымда министр болу оңай емес, дегенмен Мемлекет басшысы тапсырма бергеннен кейін, мен оның солдаты болғаннан кейін оны орындауға тырысамын. Көңілдеріңізге мың да бір рақмет. Бірақ мен қайтып келемін! – деді Бердібек Сапарбаев.
Жиналғандар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министріне Ақтөбе облысына сіңірген еңбегі үшін алғыс айтып, сәттілік тіледі.
Айта кететіні, Ақтөбе облысын басқарған Бердібек Сапарбаев Президенттің жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған еді. Ақтөбе облысының жаңа әкімі Оңдасын Оразалин болды.сурет авторы: Бәрі бар.
27 ақпан 2019 ж. 1 343 0