№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕЛЕНЕ ТҮСТІ

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖҮЙЕЛЕНЕ ТҮСТІ

   2018 жылдың 24 желтоқсанында Елбасының әлеуметтік мемлекетті құруға бағытталған кең ауқымды реформаларын жүргізуге және жаңғырту мақсатында «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігі, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» және «Қазпошта» АҚ меморандумға отырды.


   
   Келісім аясында жергілікті жерлерде тұрғындарға мемлекеттік қызмет түрлерінің қолжетімділігін арттыру бағытында жұмыстар жүйелене бастады. Оған мысал, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы ХҚКО департаментінің Жаңақорған аудандық бөлiмінің басшысы Сермұхамед Оразгелдиев және «Қазпошта» АҚ Қызылорда облыстық филиалы Жаңақорған аудандық пошта байланыс торабының басшысы Ерлан Тұрсынқожаев партия ғимаратында кездесіп, бірлесе жұмыс жасаудың жөн-жоспары жөнінде ақылдасты.

  Яғни, аудан орталығынан 40 шақырымнан асатын ауылдарды аралап, мемлекеттік қызмет түрлерін ұсынып, азаматтардың мемлекеттік қызмет түрі бойынша қажет ететін сауалдарына жауап беруді жолға қою қажеттілігі айтылды.

   – Бүгінгі басқосудың негізгі мақсаты – тұрғындарға қызмет көрсету сапасын жолға қойып, қолжетімділікті арттыру. Осыған орай, 2018 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында үш тарап өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Біз осы ынтымақтастықтың ауқымын кеңейтіп, жұмыс сапасын арттыруға ықпал етуіміз керек, – деді Мәжит Балқожаұлы.

  Сермұхамед Серікбайұлы Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарынан әр айда арнайы жұмысшы топ бөлініп, олар елді мекендерді аралап, мемлекеттік қызмет көрсету туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізетінін тілге тиек етті.

  – Бүгінде аудандағы барлық ауылдық округтерде «Қазпошта» өз қызметін халыққа ұсынып келеді. Тұрғындар аудан орталығына келмей-ақ пошта арқылы алыстағы туыстарына ақша аударып, бірнеше операция орындай алады. Мәселен, «Каспий», «Хоум Кредит», «Еуразиялық банк» сияқты банкке несиесін төлей алады, – деді Ерлан Мамырханұлы.

  Кездесу барысында «Нұр Отан» партиясының өкілі, Халыққа қызмет көрсету орталығы мен пошта қызметкерлері ақпан айында Аққорған, Төменарық, Сунақата, Келінтөбе, Бесарық, Қаратөбе, Қандөз ауылына арнайы барып, мемлекеттік қызмет көрсету түрлерін ұсынып, тұрғындардың талап-тілегін тыңдайтыны белгілі болды.

  Ендеше, қызмет көрсету жүйелене түсіп, халыққа сапалы қызмет көрсету тетігі қалыптаспақ...
16 қаңтар 2019 ж. 939 0