№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жастар арасында жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді

Жастар арасында жұмыссыздық деңгейі төмендеп келеді

Бүгінде екі қолға бір күрек іздеген жандарға мемлекеттен қолдау көп. Осы бағдарламалар арқылы талай жас тірлігін түзеп, тұрақты жұмыс орындарына қабылдануда. Мәселен, 2024 жылға арналған Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 46 475 адамды тұрақты жұмыспен қамту белгіленген болса, оның ішінде 60 пайызы жастардың үлесінде. Жалпы облыста да жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайызға төмендеген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Жұмабекқызы мәлімдеді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың адамға 100 жұмыс орнын» құру тапсырмасына сәйкес, өңірде 466 жұмыс орны ашылған болатын. Ал «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқытуға 198 жас жолданған.
-Жалпы, облыста «Мансап» орталықтары арқылы тұрақты түрде бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өткізіліп келеді. Тиісінше, жыл басынан бері 16 рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Онда 211 жұмыс берушіден 952 бос жұмыс орны ұсынылды. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысқан 1002 жұмыссыз азаматтың 316-сы тұрақты, ал 29 адам уақытша жұмысқа орналастырылды. Жалпы аталмыш жәрмеңке арқылы жұмыспен қамтылғандардың 78,7 пайызы жастардың үлесінде. Бұдан бөлек, былтырдан бері Ел Президентінің тапсырмасына сәйкес, жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету мақсатында оларға жеңілдетілген түрде жылдық өсімі 2,5 пайыздық шағын несие берілуде. Осы бағдарлама аясында биыл 400 жасқа шағын несие беру жоспарлануда. Одан бөлек, халықтың осал топтарына жататын жұмыссыз азаматтардың жаңа бизнес идеяларын дамытуға арналған мемлекеттік гранттар бар. Бұл гранттардың басым бөлігі мал мен құс шаруашылығына, еңбек құралдарына, технологиялық жабдықтарды құрайды,- деді Жанар Жұмабекқызы.

29 наурыз 2024 ж. 228 0