Аудан әкімінің есебі: Сырдағы ауылдарға сапар
Аудан әкім Мажит Самитұлының халық алдындағы кезекті есеп беру кездесуі Сыр беткейдегі ауылдардан басталды. Ол жыл көлеміндегі атқарылған жұмыстарды жүйелеп, алдағы міндет-меже, жоспарларды, тың бастамалар мен жарқын жобаларды баяндады. Ауылдағы ағайынның тыныс-тіршілігін таразылап, тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, негізгі мәселелердің шешілу жолын қарастырды.
Сыр беткейдегі 11 ауылдық округтің барлығының бірдей негізгі тіршілік көзі аграрлы саламен байланысты. Егін егіп, төрт түлігін түгендеп отырған шаруалардың айтатыны – аяқсу мәселесі және инфрақұрылым жағдайы. Сондықтан бұл жолғы сапарда аудандық тұрғын үй ком[1]муналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Сапарбаев, «Жаңақорғансушар өндірістік учаске» басшысы Әбдімажит Ахметовке аталған мәселе жөнінде егжей-тегжейлі жауап беруге тура келді.
КӨКТӨБЕГЕ КӨПІР КЕРЕК
Ауданнан шалғай жатқан ауылдың бірі Көктөбе тұрғындарының негізгі күнкөрісі егін және мал шаруасы болғандықтан маусым айындағы кездесуде ауыл халқы алдымен көпір мәселесін көтерген болатын. Яғни, Келінтөбе магистральды каналына қосымша су жеткізу үшін қазылып жатқан каналдан мал жайылымына және шабындыққа өту мақсатында көпір салуды (шлюз) сұрады. Бұл мәселе шешімін тауып, көпірдің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалына тапсырма беріліп, қазір жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Ауылдағы Тәуелсіздік, Теңдік көшелерінің электр желілеріндегі жүктемелер реттеліп, қосымша электр сымы тартылып, мәселе түбегейлі шешілген. Демеушілермен келісе отырып Көктөбе ауылының электр желісі жаңғыртылып, жоба-сметалық құжат дайындалып, оң қорытындысын алған соң қаржы бөлінеді.
Тағы айта кететіні, №89 мектептің жанынан қосымша спорт зал, акт зал, асхана, 4 кабинет салуға және мектеп сыртын күрделі жөндеу жүргізіледі. Сондай-ақ ауыл әкімшілігінің жек салынатын болады.