№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Халықтық штаб мүшелері Қандөз ауылында

Халықтық штаб мүшелері Қандөз ауылында


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Жолдауында еліміз үшін АЭС салудың маңыздылығын назарға алған болатын. Референдум өткізудің мақсатын түсіндіру мақсатындағы аудандық штаб мүшелері ел арасында халықпен кездесулері жалғасуда. Бүгін штаб мүшелері Көктөбе, Қандөз ауылдарында халықпен жүздесiп, ойларын ортаға салды.
Кездесу барысында штаб мүшесі Жолдасбеков Асылдан сөз алып, өз ойын бiлдiрдi.
-Еліміз алдағы 10 жылдың ішінде атом электр станcасын салуды көздеп отыр. Себебі жыл өткен сайын Қазақстанда энергия тапшылығы қатты сезілуде. Сол себепті де, елімізде АЭС салу атом индустриясы үшін және тұтастай алғанда еліміздің бүкіл экономикасы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Егер артықшылықтар туралы айтатын болсақ, онда АЭС салу елдің ғылыми-техникалық және жоғары білікті кадрлардың өсуіне мүмкіндік беретінiн ұмытпаған жөн, - дейдi.
Жиын соңында жиналған жұртшылық көкейдегi сауалдарын қойып, кеңінен мағлұмат алды.
17 қыркүйек 2024 ж. 1 666 0