Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қаратөбе ауылында АЭС салу жөнінде кездесу өтті

Қаратөбе ауылында АЭС салу жөнінде кездесу өтті

Еліміз үшін маңызды болып отырған АЭС салу қоғам арасында жан-жақты талқылануда. Байыбына барып қарасақ, Қазақстанда АЭС салу атом индустриясын дамыту үшін және тұтастай алғанда бүкіл экономика үшін мүмкіндіктер ашады. Осы ретте, Қаратөбе ауылына арнайы барған аудандық штаб мүшелері Асылжан Жолдасбеков пен Нұрхан Айдаров халықпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жиналған қауымға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы түсіндірілді. Сонымен қатар АЭС салудың маңызы туралы да сөз болды.
– Жасыл энергетика көздеріне көшуіміз керек. Алайда күн энергетикасы, жел энергетикасы туралы көп айтылады мен оған қарсы емеспін. Бірақ олар елімізді үздік электр энергиясымен қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан біз атом электр станциясына көшуіміз міндет болып тұр. Енді 6 қазанда халық өзі таңдау арқылы бұл мәселе шешілетін болады, – дейді Асылжан Жолдасбеков.
Қаратөбе ауылының тұрғындары атом электр станциясын салуды қолдайды. Өйткені мұнда электр энергиясының тапшылығы ыстық күндері айтарлықтай байқалады екен. Сондай-ақ, шаруашылыққа тигізер пайдасы зор дейді тұрғындар.
13 қыркүйек 2024 ж. 544 0