№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғанда ілкімді жобалар қолға алынуда

Жаңақорғанда ілкімді жобалар қолға алынуда



Жаңақорған ауданының орталығындағы электр желілерін жаңғыртуға «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында республикалық бюджеттен өткен жылы 899 млн.теңге, ал 2023 жылы 1 млрд 600 млн.теңге бөлініп, бүгінді тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Мұрат Тлеумбетов хабарлады.
-Өткен жылы облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес демеушілерді тарта отырып, 9 елді мекеннің электр желісін жаңғыртуға жоба жасалып, сараптамадан өтті. Жобалардың жалпы құны 2 млрд 300 млн теңгені құрады. Аталған жобаны бастауға 2023 жылы республикалық, облыстық бюджеттерден 503 млн теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, осы жылдың басынан демеушілер есебінен тағы да 10 елді мекеннің электр жүйелерін жаңғыртуға жоба жасап, 2024 жылдың бюджетінен қаржы бөлдіру үшін салалық министрлікке бюджеттік өтінім тапсырылды. Жобалардың жалпы құны 3 млрд 300 млн теңге. Осы жобалар жүзеге асқан уақытта электр желілері жаңартылады,-деді аудан басшысы Мұрат Жолкелдіұлы.
Аудан әкімі баспасөз конференциясында Жаңақорған кенті ғана табиғи газға қосылып, тұрғындарға шаққандағы газдандыру үлесі 38,8 пайызды құрағанын, осы жылдың сәуір айында Бірлік, Қыраш елді мекендеріндегі газ пайдалануға берілгенін айтты.
Жалпы осы жылы жоғары тұрған бюджеттерден 5 елді мекенді газдандыруға да 2 млрд 900 млн теңге қаржы бөлініп отыр. Бұған қоса, Төменарық, Шалқия, Құттықожа, Жайылма, Кейден елді мекендерін газдандыру жұмыстары жүргізілуде.
- Төменарық елді мекеніне жоғарғы қысымды таратылатын газ құбырын салу жобасы басталғанын көріп, ендігі кезекте сол аумақта орналасқан тағы 5 елді мекенді газдандыруға демеушілер есебінен жоба-сметалық құжаттары жасалынуда. Аталған жобалар толық іске асқан уақытта 13 елді мекен немесе 53 мыңға жуық тұрғын табиғи газдың игілігін көретін болады,-деді Мұрат Жолкелдіұлы.
09 тамыз 2023 ж. 274 0