№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлеуметтік сала мамандары марапатталды

Әлеуметтік сала мамандары марапатталды



Қазан айының соңғы жексенбісі «Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күні» деп белгіленген. Осыған орай, аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов сала қызметкерлері мен ардагерлерін төл мерекелерімен құттықтап, құрмет көрсетті.
Сонымен қатар, ауданымыздың әлеуметтік қорғау жүйесінде көп жылдар елеулі еңбек етіп, өз іскерлігімен халықтың әлеуметтік - экономикалық дамуына үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматтарды "Жаңақорған ауданының құрылғанына 95 жыл" мерекелік медальдарын табыстады.
-Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - Әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер күн сайын адамдарға өмірде кездесетін қиындықтармен күресуге көмектесіп келесіздер.
Әрдайым азаматтардың қайғылары мен қиындықтарын еш жат санамай, оларды бірге жеңуге бар күш - жігерлеріңізді салатындарыңыз баршамызға аян.
Бүгінде ауданымызда әлеуметтік қорғау жүйесінде 67 әлеуметтік қызметкерлер күн сайын 100-ден астам зейнеткерлер мен мүгедектігі бар 153 азаматқа қамқорлық көрсетіп, мейірімге мұқтаж жандардың жүрегіне жол тауып келеді.
Жалпы көмекке мұқтаж халықтың әлжуаз топтарына ай сайын бюджеттен 1,5 миллиард теңгеге жуық қаржы төленеді. Оның ішінде 2274 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, 842 асыраушысынан айырылған азаматтарға, 4288 көп балалы отбасыларға төленеді. Онан бөлек жыл басынан бюджеттен тыс көздерден 12 млн.теңгеге жуық қаржыға қайырымдылық көмектер көрсетілді. Жақында ғана «Қуатты өңірлер ел экономикасының драйвері» ұлттық жобасы аясында Жаңақорған кенті «Маи бекеті» мөлтек ауданынан тұрғын үй кезегінде тұрған халықтың осал топтарына жататын 50 отбасыға тұрғын - үй кілттері табысталды. Келесі жылы 100 отбасыны тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарымызда бар, - деп аудан басшысы ыстық лебізін жеткізді.
28 қазан 2023 ж. 269 0