№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Бала болашағы бәрінен маңызды

Бала болашағы бәрінен маңызды

Жасөспірімдердің жүгенсіздігі, олардың қоғамдағы құқық бұзушылығы, жалпы балалардың бүгіні мен болашағы күн тәртібіндегі өзекті мәселесіне айналды. Әсіресе, жазғы демалыс уақытысында оларға деген бақылау күшейді. Осы мәселелер төңірегінде аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.


Комиссия отырысында балалар бұзақылығынан бөлек, құқық бұзушылықтың профилактикалық шаралары, 2023 жылғы 6 айдың қорытындысы түйінделді. Сондай-ақ, білім беретін мектептердің 2023-2024 оқу жылына дайындығы, аудандық білім бөлімі жанындағы қамқоршылық, қорғаншылық органның атқарылған жұмыстары туралы да баяндалды.

Аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридиновтің төрағалығымен өткен жиынның мазмұны өте терең. Өйткені, қазір балалардың әрбір іс-әрекеті бақылау мен қадағалауды қажет етеді. Әсіресе, балалардың ұсақ бұзақылығы, ұрлық жасауға жол беруі өзекті тақырып болып тұр.

Аудандық білім бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы Ербол Альменов, аудандық полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметінің басшысы Бақытжан Көркембаев және аудандық білім бөлімінің бас маманы, білім бөлімі жанындағы қамқоршылық және қорғаншылық функциясын жүзеге асырушы органның жауапты маманы Салтанат Алдабекова баяндама жасады.

Мақаланы толық газеттен оқуға болады
26 шілде 2023 ж. 228 0