Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жасөспірімдер тәрбиесіне арналды

Жасөспірімдер тәрбиесіне арналды

Аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті. Аталмыш жиынға комиссия мүшелері, тиісті мекеме басшылары қатысты.
Алдымен Жаңақорған ауданаралық аурухананың бас дәрігері Яхия Шорабаев «Жасөспірімдердің денсаулығы мен өмірлік дағдыларын қалыптастыру және суицидтің алдын алу» бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Баяндамашының сөзінше білім бөлімі, ішкі саясат бөлімінің теолог маманы, жастар, денсаулық орталығының мамандары мен емхана, мектеп психологтарымен және ауыл имамдарымен бірлесіп «Жастар арасында күйзелістің алдын алу жолдары», «Жақсы сөз-жан азығы», «Мен және мені толғандыратын мәселе» шаралар ұйымдастырылып келеді. Келесі сөз алған аудандық білім бөлімінің сектор меңгерушісі Бағлан Момынханов жалпы ауданда білім беретін 42 мектептің 8-11 сыныптарында оқитын 4730 оқушының 4717-сі қатысқанын сауалнама жүргізгенін, нәтижесінде психологиялық қолдауды қажет ететін 41 бала анықталғанын жеткізді.
№224 мектеп директоры Қыдырқожа Үсенов: – Мектепте жалпы саны 265 оқушы оқыса, көп балалы отбасы саны 58, толық емес отбасы 10, аз қамтылған отбасы 28. Мектепте соңғы бес жылда аудандық ішкі істер бөлімінің есебіне алынған оқушы жоқ. Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында волейбол, қазақша күрес, домбыра, би, футбол, асық, үстел теннисі, шебер қолдар, қылқалам, шахмат үйірмесі тұрақты жұмыс істеп тұр”, – деп мектеп оқушыларының құқықтарының сақталуы бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде жеткізді.
Расымен мектепте келеңсіз жағдайлардың болмағаны қуантты. Десе де биыл ғана күрделі жөндеуден өткен мектептің сапасыздығы ондағы қызметкерлер мен оқушылар үшін қауіпсіз болып тұрғаны алаңдатып тұр. №245 мектеп директоры Смет Нұркен мектепте бақылауда тұрған оқушының ауыр атлетика, волейбол үйірмелеріне тартылғанын, тұрақты «Жас сарбаз», өнер, би үйірмелерінің жұмыс істеп тұрғандығын жеткізді. №229 мектеп директоры Жеңіс Манамбаев та білім ордасында жасалып жатқан жұмыстары жайлы баяндады.
Соңғы мәселе денсаулық сақтау саласындағы патронаждық қызметтің жұмысы барысында анықталған отбасының әлеуметтік мәселесі қаралды. Қазақстанға Қарақалпақстан Республикасынан көшіп келген азаматшаның туу туралы куәлігінің көшірмесінен басқа құжаты жоқ. Бүгінде азаматша кентте тұрады. Төлқұжаты болмауы себепті заң бойынша неке куәлігі берілмеген. Туылған балаларының да туу туралы куәлігі жоқ. Осыған орай аудан әкімінің орынбасары Дархан Есалыұлына жеке төлқұжаты мен балаларына туу туралы куәліктерін алуға көмек сұрай келіпті.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті мекеме басшыларына тапсырмалар берілді.
Әйгерім МӘДИҚЫЗЫ
17 наурыз 2021 ж. 707 0