Соңғы жаңалықтар

Құқықтары қорғалуда

05 тамыз 2025 ж. 204

№58 (8872) 5

05 тамыз 2025 ж.

№57 (8871) 2

02 тамыз 2025 ж.

№56 (8870) 29

29 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Қожамберді ауылы не күтеді?

Қожамберді ауылы не күтеді?

Қожамберді ауылының бүгінгі тыныс-тіршілігін білмекке аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлымен іс-сапармен барған едік. Алдымен, сайлау науқанында белсенділік танытқан барша жаңақорғандықтарға алғыс білдірді. Бұл ауылда осыдан үш ай бұрын көтерілген мәселенің бірі жайылымдық жер.
Жалпы бұл елді мекен емес, аудан көлемінде мал жайылымы көңілді көншітпейді. Дегенмен аудан басшысы бұл тығырықтан шығудың екі жолын ұсынуда. Біріншісі, келер жылы қызылға, яғни құмға өндіріс орындарының қолдауымен скважина қаздырып, төрт түлікті сонда жіберу. Пада ұйымдастырып, мал басын сонда көбейту болса, екінші, оған көнбесеңіз онда санын азайту керек. Өте орынды.
Сондай-ақ, ауылдағы ағайын ауыз су мәселесіне алаңдаулы.
– Бұл мәселе біздің құзырымызда емес. Өйткені, қаржы республикалық бюджеттен келеді. Бірақ, қуантарлығы келер жылға қаржы қаралды, бұйырса ауыз су жүргізіліп, толық іске қосылса, жөндеусіз қалған көшелер асфальттанады. Сәл сабыр сақтап күте тұруға тура келеді, – деді аудан басшысы.
Қожамберді ауылының көшелері газ жүргізілгеннен кейін толық жаңғыратынын тағы да аудан әкімі ескертті.
29 қараша 2022 ж. 1 314 0