№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰБТ: Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы

ҰБТ: Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы

   Биыл ҰБТ 20-сыншы 30-ыншы маусым аралығында барлығы 169 тапсыру пунктінде өтеді. ҰБТ-ға қатысу үшін 117 242 адам өтініш берген. Соның ішінде 96 мыңнан астамы осы жылғы мектеп түлектері немесе жалпы мектеп бітірушілердің 72 пайызы болса, 20 мыңнан астамы биылғы және өткен жылдары колледж бен шетелдік білім беру ұйымдарының бітірушілері.


  Бұған дейін жоғары оқу орындары мамандықтардың нақты тізімі бойынша жұмыс істеген. Биылдан бастап оның орнына білім беру бағыттарының классификаторы енгізілді. ЖОО-лар сол бағыттарға қарай оқыту бағдарламаларын даярлап отырады. Гранттар да нақты мамандықтарға емес, білім беру бағдарламасына бөлінеді. Мәселен, "Математика мұғалімдерін даярлау" тобына "математика", "математика-физика", "математика-информатика" мамандықтары кіреді. Сол сияқты "Ақпараттық технологиялар" тобында "информатика" мен "ақпараттық технологиялар" мамандықтары бар.

  Бір топқа мың грант бөлінді дейік, конкурс дәл осы топты таңдаған барлық талапкерлер арасында өткізіледі. Ал грантты ұтып алғаннан кейін талапкер университетке қабылданады да, білім бағдарламасының нақты мамандығын таңдайды. 

ҰБТ тапсыру пунктілерінде интернет болмайды

Білім және ғылым министрлігінен хабарланғандай, республикалық деңгейде және әрбір ҰБТ өткізу пунктінде апелляциялық комиссия жұмыс істейді. Барлық аудиториялар 100 пайыз (1188) ұялы телефон сигналдарын өшіретін құралдармен және бақылау бейнекамераларымен жабдықталған. Сондай-ақ жедел ақпарат алмасу үшін министрліктің және Ұлттық тестілеу орталығының call-орталықтары тұрақты түрде жұмыс істейді.
Ведомствода хабарланғандай, тыйым салынған құралдар мен заңбұзушылықтар анықталған жағдайда тестілеу нәтижесі жойылады.

ҰБТ кезінде мүмкіндігі шектеулі түлектерге қандай жағдай жасалады?

БҒМ хабарлағандай, ерекше білім беру қажеттілігі бар оқуға түсушілерге жеке аудитория, сондай-ақ ҰБТ шеңберінде тапсырылатын пәндердің мұғалімі емес көмекші, ымдау тілін білетін маман беріледі. Бұл үшін тестілеуге қатысатын түлек денсаулығы туралы анықтаманы ұсынып, өтініш беруі қажет.
21 маусым 2019 ж. 1 051 0