№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Құқықтық актілерде неге қате көп?

Құқықтық актілерде неге қате көп?

Аудан әкімінің мәжілісінде ауылдық округ әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларды орындауы мен құжаттар айналамын сынға алды. Бұл мәселе үш отырыста да көтерілді. Сонда байқағанымыз, барлық заңгерлердің қатесі ортақ. Яғни қатынас хаттарды стандартқа сай толтырмайды немесе заңдарды дұрыс қолданбайды. Сонда ауылдық округтер біліксіз заңгерлерді не үшін ұстап отыр. Ойға осындай сұрақ келеді. Мұны аудан әкімі Руслан Рүстемов те бірнеше рет қадап-қадап айтты да.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласын берік ұстануды тапсырды. Яғни Үкіметтің жергілікті деңгейдегі өкілі мемлекеттік қызметкерлер халықпен ашық әрі жариялы қарым-қатынасқа түсіп, бюрократиялық кедергілерді азайтуы тиіс. Яғни әкімдерге артылар жүк ауыр. Алайда қызметтік хаттардың өзін дұрыс дайындай алмаған жергілікті биліктен не талап етуге болады?
Әрине, әкімдердің жұмысы аз емес. Бірақ, олардың қарамағында бас маман, заңгерлер қызмет етпей ме? Бір құжатты дұрыс жаза алмаса, бұқараның базынасын, өтініші мен ұсынысына қалай жауап береді екен, ә?! Әкімдердің басым көбі түстен кейінгі уақытта жұмыс орнынан табыла қоймайтыны секілді, заңгерлер де жұмысына атүсті қарайды ма екен? Бұл жөнінде аудан әкімі де тиісті ескерту жасады. Кент және ауылдық округ әкімдерінің арасында халық сеніміне селкеу түсіріп, аманатына қияс қарауға қайта көшкендер енді жазасыз қалмайды. Бұл мәселелер, әкімдердің жіберген кемшіліктері аудан әкімі аппаратының басшысы Бақтияр Ахметов пен аудан прокуроры Дарын Әбіштің құнды құжатында қатталып тұр. Мақаланы осыдан бастайық.
Алдымен Бақтияр Мадиярұлының зерделеуіне тоқталайық.
– Аудан әкімдігі мәжілісінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, аудан көлеміндегі Екпінді, Қожамберді, Жайылма, Қыраш, Қосүйеңкі, Манап, Талап, М.Нәлібаев, Қандөз, Көктөбе ауылдық округіне мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы мен кәсіпкерліктің дамуы, орындаушылық тәртіп бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік құқықтық жұмыстар бөлімімен аталған ауылдық округтердегі құқықтық актілердің заңдылығына талдау жүргізілді. Бұл тексеру-талдау жұмысы қазан айында өткен аудан әкімінің мәжілісіне дайындалды.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабының 3-тармағында «әкiм нормативтiк-құқықтық сипаттағы шешiмдер және әкiмшiлiк-басқарушылық, жедел және дербес сипаттағы мәселелер бойынша өкiмдер шығаратыны көрсетілген. Есепті мерзім ішінде жергілікті мемлекеттік басқару органдарымен барлығы 757 акті (шешім, өкім) қабылданған. Дегенмен аталған ауылдық округ әкімдерінің қабылданған құқықтық актілерін зерделеу барысында кемшіліктер анықталды, – деді апарат басшысы.
Заңның нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң мазмұнына және жазылу стилiне қойылатын талаптар белгіленген 24-бабына сәйкес нормативтiк құқықтық актiнiң мәтiнi әдеби тiл нормалары, заң терминологиясы және заң техникасы сақтала отырып жазылуы міндетті. Алайда жергілікті мемлекеттік органдармен ұсынылған құқықтық актілерде заң техникасының сақталмауы жүйелі түрде орын алады екен. Мәселен, Екпінді ауылдық округінде жыл басынан бері 75 акті қабылданып, оның 3-нен бұзушылықтар анықталса, Жайылмада 96 акті қабылданып, оның 3-еуінен, Қосүйеңкіде – 78 акті қабылданып, оның 4-еуінен, М. Нәлібаев ауылдық округінен жыл басынан бері 92 акті қабылданып, оның 6-ауынан бұзушылықтар анықталған. Қандөзде 1 ғана бұзушылық орын алды. Бұл бойынша әкімдер пікірін тыңдап көрдік.
– Шыны керек, қазір заңдылыққа байланысты өзгертулер мен толықтырулар енгізілуде. Біздің ауыл тарапынан кемшілік кеткені рас, осыған байланысты тиісті маманға, яғни заңгерге шара көрілді. Бұл алдағы уақытта қайталанбайды, осы бойынша жұмыстар жүргізілуде, – деді Жайылма ауылының әкімі Әліби Саттаров.
Сондағы қателік ауыл әкімінің лауазымды тұлғаға өкім шығару, жалақы мен кезекті еңбек демалысы, шешімдердің реттік нөмірлерінің қайталануы, мекеменің мөрі басылмаған, қаламмен түзету, шешімдерінің тақырыптарында грамматикалық қателіктер орын алу және осы секілді ұсақ-түйек қателер. Бұл ұсақ-түйек қате болғанымен, ауданның деңгейін көрсететін құжаттар екені анық.
– Алдағы уақытта осы тектес заңдылықты бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жоғарыда атап көрсетілгендей, заңбұзушылықтар орын алуына жол беріп отырған ауылдық округ әкімдерінің тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылады. Қожамберді, Қыраш, Манап, Талап, Көктөбе ауылдық округі әкімдерінің өкімдері мен шешімдеріне зерделеу жұмыстарын жүргізу барысында  кемшіліктер анықталмағанын бөлек атауға болады. Енді нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу қағидасының талаптарына сәйкес мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілерге тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізіліп тұрады.
14 қараша 2021 ж. 1 511 0