Жаманбай батырлық ақсақал Бәден Айсынов өз таңдауын жасады
Жаманбай ауылдық округінде 3372 халық бар. Бүгін өтіп жатқан сайлау науқанына тұрғындар белсенділік танытып, өз таңдауын жасауда. Саяси додаға осы ауыл бойынша 4 кандидат ұсыныс жасап, өз насихаттын жасаған болатын. Әр кандидаттың жақтастары сайлау нәтижесін тағатсыздана күтуде. Дауыс берушілер арасында халыққа танымал композитор, өнер мектебінің негізін қалаушы,«Мәдениет саласының үздігі» Бәден Айсынұлы Айсынов ағамыз көпке үлгі болып, сайлау уческесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Айта өтейік, Бәден Айсынұлы осы ауылдың 75 жаста, осы ауылда кіндік қаны тамған. Туған жеріне бар ғұмырын арнап, гүлденуіне үлесін қосқан тұлға.
–Президент биылғы жылы халық үшін мол мүмкіндік берді. Ауыл әкімін халық таңдауы ел экономикасын дамытуға күш береді. Сондықтан өз ауылына жаны ашитын, елдің мұң-мұқтажына құлақ асатын кандидатты таңдап, дауыс бергеніміз абзал. Елдің ақсақалы ретінде туған жерімнің саяси науқанына жауапкершілікпен қарап, өз таңдауымды жасадым. Әрі барша Жаманбай батыр ауылдық ағайындарды сайлауға дауыс беруге шақырамын, – деді.