Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САЙЛАУ-2021: Саяси тұрақтылық – басты құндылық

САЙЛАУ-2021: Саяси тұрақтылық – басты құндылық

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы аяқталды. Ел азаматтары өз таңдауын жасады. Облыстық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, қызылордалық сайлаушылар «Nur Otan» партиясына – 74,46 проценті, «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясына – 9,40 проценті, «Ауыл» Халықтық-демок­ратиялық патриоттық партиясына – 8,70 проценті, «Қазақстан Халық партиясына» – 3,84 проценті, «ADAL» саяси партиясына – 3,6 проценті дауыс берді. Біз дерек пен дәйекті ұсынумен қатар, сайлауға қатысқан жаңақор­ғандықтардың белсенділігін сөз етсек.

Өңірде 492 198 сайлаушы тіркелген. Бұл жалпы халықтың 60,7 проценті. Саяси науқанға 363 754 мың сайлаушы қатысып, дауыс берді. Яғни қатысу көрсеткіші 73,9 процентін құрады. Республика бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан кейін екінші орынға тұрақтады. Бұл – Сыр өңірінің сайлаушылары саяси науқанда белсенді қатысқанын көрсетеді.
Жалпы Қызылорда облысындағы 376 сайлау учаскесі ашылғаннан-ақ дауыс беруге келгендер саны артты. Түске дейін аймақтағы 492 198 сайлаушының тең жартысы өз таңдауын жасап үлгерді. Облыста сайлау күні 1 466 байқаушы мен сенімді өкіл жұмыс істеді. Сайлау комиссиясының 2821 мүшесі қызмет көрсетті. Оның 1128-і арнайы оқу курстарынан өткен болатын. Аймақта 13 мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі сайлаушы бар. Олардың учаскеге келіп, өз таңдауын жасауы үшін 30-ға жуық инватакси қызмет етті. Ал жылжымалы жәшік арқылы дауыс беруге 2061 адам өтініш білдірді.
Пандемия кезіндегі саяси науқанда санитарлық талаптардың қатаң сақталуы қатаң бақыланды. Яғни, маскалық режімнің және әлеуметтік қашықтықтың сақталуы қадағаланды. Өңірде әрбір дауыс беруші өз сайлау учаскесін анықтау үшін Call-орталықтары және «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисі мен «Sailau2021.gov.kz» порталы үздіксіз жұмыс істеді.
Жаңақорғандық сайлаушылар 42 сайлау уаскесі бойынша дауыс берді. Оның 4-і жабық сайлау учаске. Атап айтқанда, орталық аудандық аурухана, «Хорасан1» өндіріс кешені, «СКЗ-U» ЖШС, «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ құрылды.
Жалпы Жаңақорған ауданының халық саны – 84814 адам болса, оның 44074 сайлаушы. Бұған дейінгі сайлауларда жаңақорғандықтар белсенді қатысқан-ды. Мәселен, 2007 жылғы Парламенттік сайлауда аудан тұрғындарының 83,6 проценті, 2012 жылы 83,9 проценті, 2016 жылы 87,5 проценті өз таңдауын жасады.
Біз аудан орталығындағы сайлау учаскелерін аралап, хал-ахуалды білдік. Алдымен №336 сайлау учаскесіне бет алдық.
Жексенбілік таң. Сағат 7.00-де учаскеде Әнұран ойналып, алғашқы дауыс беруші азаматтар легі келді. Қолдарына бюллетень алып, таңдау жасауға аттанды. Кент тұрғыны Бауыржан Ғазизұлы таң сәріден тұрып, өзінің азаматтық борышын орындау үшін келген-ді.
– Таңдау жасау әр қазақстандықтың міндеті деп білдім. Ерте тұрып, учаскіме келдім. Еліміздің гүлденуі, алға қарай дамуы үшін таңдау жасағаныма мақтанамын. Әрбір азамат өзінің болашағы үшін дауыс беретіні анық, – деді кент тұрғыны.
Орталық сайлау комиссиясы 5 саяси партияның тізімін тіркеген. Барлығы 312 кандидат, оның ішінде 19 үміткер «Ауыл», 126 адам Nur Otan, 16 адам ADAL, 38 адам «Ақ жол» және 113 адам «Қазақстанның Халық партиясының» атынан ұсынылған. Партия тізімдеріне 90 әйел және 222 ер адам енген. Ал 29 жасқа дейінгі кандидаттар саны – 19 адам.
– Бұл сайлау еліміздің тарихындағы айтулы оқиға. Әсіресе саяси мәні жоғары. Қазақстанның азаматы болғандықтан саяси шешім қабылдауға әр адам өз дауысы арқылы ықпал ете алады. Әр адам бір дауыстың иесі саналатындықтан сайлауда белсенділік танытқан жерлестеріме алғыс айтамын. Бұған дейін кандидаттар арасында бәсекелестік жалғасқан болса, енді партиялар арасында бәсеке болды. Халық қолдаған партия саяси ықпалға ие болып, ел ісін қолға алатыны ақиқат. Осы тұста, өзіңіздің қалауыңызбен, өзіңіз таңдаған партияға бір дауыс болса да алда озуына мүмкіндік бере аласыз. Саяси додада нағыз көшбасшы партия билікке жол бастап, халықпен бірге саяси жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басады, – деді ел ағасы Серік Мұсабай.
Айтпақшы, №336 сайлау учаскісіне келген ең егде дауыс беруші 85 жаста. Несібелі әже таңмен таласа келіп, өз таңдауын жасады. «Келешек жастардікі, бірақ біз солардың тілеуін тілеп, қолдап отыруға тиістіміз» – деп бір ауыз сөзін жеткізіп, үйіне аяңдады. Ал, ең жас дауыс беруші Қаракөз Оразбек, жақында ғана 18 жасқа толған жасқа толды. Осындай сайлаушыларға арнайы сыйлық табысталып, ынталандырып қойғанын көрдік.
– Ең бастысы, елімізде биліктің сабақтастығы, тұрақтылық, өзара түсінушілік бар және осы қағидаттарды басшылыққа алып, алға қадам басамыз. Қоғамдағы тұрақтылыққа, бейбіт өмір үшін дауысымды бердім, – деді блогер Әбдісамат Әбдіш.
Жаңақорған ауданында бойынша N326 Түгіскен сайлау учаскесі әлеуметтік желіні дұрыс пайдаланып, сайлау процесін жоғары деңгейде ұйымдастырғанын білдік.


Әли ТЕМІРБЕК

12 қаңтар 2021 ж. 663 0