Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ДЕПУТАТТАР ЕЛ АРАСЫНДА

ДЕПУТАТТАР ЕЛ АРАСЫНДА

Қазақстан Республикасы Парламентінің VІІ шақырылымның 1-сессиясы аяқталып, депутаттар өңір-өңірлерге іс-сапарға шығып, халықпен жүздесуде. Бүгін Жаңақорған ауданына Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева мен Мәжіліс депутаты Берік Дүйсенбинов арнайы келді.




Депутаттар Жаңақорған кентінің МАИ бекетінде жаңадан салынып жатқан 300 орындық мектеп пен №169 мектептің Б.Байкенжеев көшесінде бой көтерген 600 орындық жаңа ғимаратының құрылыс жұмысымен танысты.
Қос мектептің де аудан үшін маңызы зор. Бүгінде МАИ бекетінен 300-ден аса оқушы Жаңақорған кентіндегі мектептерге қатынап оқиды. Ал, №169 мектепте оқушы сыйымдылығына байланысты мәселе бар. Осыған байланысты қос мектептің ашылуын жаңақорғандықтар асыға күтіп отыр.

Балайым Туғанбайқызы құрылысшыларға мектеп құрылысын сапалы жүргізуді, әрі әлеуметтік нысанды мерзімінде тапсыру маңызды екенін атады.

Жаңақорған кентіндегі «Премиум Класс-Строй» ЖШС-нің әк зауытына да барды. Зауыт қысы-жазы өнім өндіреді. 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Онда тәулігіне 240 тонна әктас өндіреді. Бүгінде 8 пешке сағатына 1500 куб көгілдір отын жұмсалады. Егер тағы 1500 куб газ алуға мүмкіндік болса, тәулігіне әктас өндіруді 500 тоннаға дейін жеткізіп, қосымша 40 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Серіктестік басшысы көгілдір отынның қысымын (мөлшерін) арттыруда көмек беруді сұрады.

ХХ ғасырдың 60 жылдардың аяғында Келінтөбе магистралды каналы іске қосылып, Жаңақорған ауданының халқына халық қосылып, Түгіскен массивін игеріп, елдің әлеуметтік әлеуеті арта түсті. Сол уақыттан бері диқаншы қауымға канал қалтқысыз қызмет етіп келген-ді. Бірақ соңғы жылдары Сырдария өзенінде қайыр жерлер көбейіп, судың мөлшері жыл өткен сайын азайып келеді. Бұған халық қатты алаңдаулы.
Ең болмағанда дария суын бір қалыпта ұстап тұратын су тоспасы болса мейлі ғой! Ол да жоқ. Ауданның шаруа қожалық төрағалары Мәжіліс депутаттарына осы мәселені шешіп беруді ұсынды.
ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің басқарма басшысы Арсен Арманұлы су тоспасын салу мәселесі жан-жақты зерттелетінін, яғни жер қыртыстарын, өзеннің иірімдері мен ағысын зерделеу маңызды екенін алға тартты.

Жаңақорған кенті мен оған жапсарлас жатқан аймақтардың экологиялық жағдайын реттеу және аудан орталығын аяқ сумен қамтамасыз етуде Тайпақкөл-Қандыарал көлдер жүйесін тазалау арқылы қол жеткізуге болады. Бұл мәселе де сырт қалмады. Сондай-ақ, бас партияның бесжылдық сауалды бағдарламасына енген жобаларды жүзеге асырудың маңызы айтылып, оның ішінде, Төменарық ауылдық округіне аурухана салу және т.б жүзеге асыру жолдары талқыланды.

"Nur Otan" партиясының аудандық филиалында Б.Кесебаеваның қоғамдық қабылдауы жалғасты. Онда аудан тұрғындарын қабылдап, еркін форматта пікір алмасты. Әрі партияның сайлауалды бағдарламасының басты аспектілерінің орындалу деңгейі сараланып, әрбір мәселе төңірегінде терең, жан-жақты талқыланды.

– Сыр өңіріндегі сапарымның мақсаты – партияның сайлауалды бағдарламасының міндеттері жергілікті жерлерде қалай жүзеге асырылып жатқанын, өңірлердің өндірістік және ауылшаруашылық әлеуетін арттыру үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын, халықтың әлеуметтік мәселелері қалай шешіліп жатқанын көзбен көру. Жаңақорған ауданында айтылған әрбір мәселені өз бақылауыма алып, тиімді шешілуіне ықпал ететін боламын, – деді Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары.

Мәжіліс депутаттарының іс-сапары туралы ақпараттың толық нұсқасын "Жаңақорған тынысы" газетінен оқи аласыздар.
10 шілде 2021 ж. 1 481 0