№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жемқорлық – қоғам дерті

Жемқорлық – қоғам дерті

Аудан әкімінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Комиссияға аудан прокуроры Дарын Әбіш, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ғани Тұрсекеев, «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәжит Балқожаев қатысты.
Онда «Жер учаскелерін бекіту кезінде Қазақстан Республикасы Заңнамасы талаптары бұзылуының алдын алуға және анықтауға бағытталған іс-шаралар туралы» жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Серік Төлендиев баяндама оқыды.
– Қазақстан Республикасы жер Кодексінің талаптарына сәйкес, тұлғалардың өтініштері негізінде 2020 жылдың қорытындысы бойынша 2 мәрте сауда-саттық (аукцион) ұйымдастырылып, көлемі 30,1 гектар болатын 27 жер учаскесі 49,1 млн теңгеге, 2021 жылдың II тоқсанының қорытындысы бойынша 1 метрге, көлемі 13,0 гектар болатын 15 жер учаскесі 22,9 млн теңгеге сатылды. Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер бойынша 2020 жылдың 6 айында 4166,94 гектар болатын 16 жер учаскесі берілсе, 2021 жылы 20220,2 гектар болатын 106 жер учаскесі беріліп жер табыстау (20,6 пайызға) артқан. Ал, сауда-саттық арқылы 2020 жылы шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін көлемі 23 829 гектар болатын 86 жер учаскесі уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен азаматтар мен шаруашылық субьектілеріне 10 жыл мерзімге табысталды, 2021 жылы 64 өтініш түсіп, қазіргі уақытта жер учаскелерінің бос немесе бос еместігі туралы жер кадастры мекемесінен мәліметттер сұрастырылуда. Бұл 2020 жылдың 74,4 пайызын құрап отыр, – деді С.Төлендиев.
Баяндама оқылғаннан кейін аудан әкімі Руслан Рүстемұлы сала басшысына, жыл басынан бері сауда-саттық арқылы берілген жер учаскелерінің мерзімдерін нақтылап, қаржысының өндірілуі жөніндегі жұмыстарды және бөлім арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мерзімдерінің сақталуын қатаң бақылауға алып, жүйелі жұмыс жасауды тапсырды. Одан кейін, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде», мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Әлішер Төреқожаев баяндады:
– 2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында «ҚР Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы және «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңы аясында құқықтық оқытулар өткізілді. Жоспарға сәйкес 2021 жылдың сәуір-мамыр айларында «ҚР мемлекеттік қызмешілердің әдеп кодексі» және «ҚР Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», заңдары аясында құқықтық оқытулар өткізді, – деп жұмыстың барысын айтып өтті.
Бұл салаға да аудан әкімінің тапсырмасы нық, нақты жұмысты талап етті. Айталық, бөлім арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылған шараларды жергілікті баспасөз бетінде немесе әлеуметтік желілерде жариялауды қамтамассыз етілуін және мемлекеттік сатып алу барысында аудан әкімдігіне қарасты барлық мекемелердің осы салаға жауапты қызметкерлеріне құқықтық оқытуды ұйымдастыруды тапсырды.
Сонымен қатар, «Аудан бюджетінің іске асырылуы және игерілу жағдайы жөнінде» ауданның қаржы бөлімінің басшысы Алмас Оразбеков те баяндама жасады.
– 2021 жылдың сәуір-мамыр айларында «ҚР Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» және «Қазақстан Республикасының Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», заңдары аясында құқықтық оқытулар өткізілді. Бөлімнің іс-шара жоспарына сәйкес, бөлім бойынша 7 мемлекеттік күзетшілердің барлығы табысы мен мүлкі туралы декларацияларын түгелімен уақытылы толық тапсырды. Сондай-ақ 2021 жылдың екі тоқсанындағы 1 арыз шағым болып, оның өтініш-сауалдары қанағаттандырылды. Бөлімде жеке және заңды тұлғалар арыз-шағымын, өтініштерін уақытылықалдыруға арнайы жәшік қолжетімді жерге орналастыврылған. Бөлімге
келіп түскен арыз-шағымдарға заңды көрсетілген мерзімде жауап берілді, – деп жұмыстың нәжижесін көрсетті.
Жиын соңында аудан басшысы Руслан Рүстемұлы ауылдық округ әкімдеріне және тиісті мекеме басшыларына аталған мәселер бойынша нақты тапсырмалар беріп, мәселенің шешу жолдарын саралап, жедел әрекет етуге шақырды.
Әсел РЗАЕВА
10 шілде 2021 ж. 447 0