№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» Ұжымдық шарт – еңбек қатынасының маңызды құралы

Ұжымдық шарт – еңбек қатынасының маңызды құралы

Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің төрағалығымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы өтті. Оған аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасы Серік Сермағамбетов, облыстық еңбек саласын бақылау басқармасының бөлім басшысы Болат Досымов, сондай-ақ, облыстық салалық кәсіподақ төрағалары, аудандық комиссия мүшелері мен кәсіпорын басшылары қатысты. Мақсат – еңбек қарым-қатынасының жағдайы және еңбек дауларының алдын алу.Алқалы басқосуда Серік Сағитжанұлы кәсіпорын мен мекемедегі ұжымдық шарттың сапалылығына мониторинг жасаудың маңыздылығын атап өтті.
– Жыл басындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Жаңақорған ауданы бойынша жұмыс істеп тұрған ұйым­дардың ұжымдық шартпен қамтылу үлесі 50 пайызды құрайды. Осы ретте жаңадан ашылған жұмыс орындарында да ұжымдық шарттың қабылдануына жұмыс істеуіміз қажет. Өйткені бұл шарт жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеуші бірден бір құқықтық акт. Сондықтан кәсіподақ ұйымы атынан әлеуметтік әріптестерді осы бағытта бірлесе отырып жұмыс істеуге шақырамын, – деді бірлестік төрағасы.
Бүгінгі таңда аудандағы кәсіпорындар мен мекемелердің жұмысшылар алдында жалақы қарызы жоқ. Аудан әкім­дігі, кәсіподақтар және 118-ден аса мекеме басшылары арасында еңбек қатынастарындағы шиеленістерге жол бермеу бағытындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Бұл жөнінде үшжақты комиссия отырысы барысында аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және аза­маттық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Серік Өмірбек хабарлама жасады.
– Ауданда әлеуметтік әріптестік аясында халықтың тиімді жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету, лайықты еңбек жағдайлары мен тұрақты жалақыны қалыптастыруға, әлеуметтік саясатты нығайтуға бағытталған жұмыстар аясында бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді. Сондай-ақ кәсіпорындардажалақының мерзімінде төленуі, еңбек қатынастары және кәсіпорындарда шиеленістерге жол берілмеуі үнемі қадағалуда. Ұжымдық шарттардың жасалуы мен оның қолданыстағы заңнамаларының қойылған талаптармен сәйкестендіру жұмыстары да тікелей бақылауымызда. Ал қазіргі таңда ауданда 6369 электрон­ды еңбек шарты тіркелсе, оның 232 ұйымының ұжымдық шарты қолданыста, – деді жауапты маман.
Жиын соңында аудан басшысы Руслан Рүстемұлы жалақының мерзімінде төленуін қатаң бақылауға алып, шиелініске жол бермеу бағытында жедел әрекет ету шараларын қабылдауды, кәсіпорындар мен мекемелерде Ұжым­дық шарттардың жасалуын және оның мазмұнының сапалылығына үшжақты комиссияларынан келісім алуын қарас­тыруды және оны бақылауды сала басшыларына жүктеді.Сонымен қатар жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарын, әлеуметтік желілерді пайдалана отырып жұмыскерлер мен жұмыс берушілерге еңбек заңнамасының негіздері бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын күшейту маңызды екенін тілге тиек етті.
Ал ең маңыздысы осы күні «Тоқтамыс» және «Руслан» шаруа қожалығымен кәсіподақтардың бірлесе жұмыс істеуі туралы өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойылды.

Лаура БИБАСАРОВА

---
21 сәуір 2021 ж. 575 0