№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Облыс әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Шәменова Балжан Мөрәліқызы облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңа орынбасарының қызметіне сәттілік тіледі.
Шәменова Балжан 1962 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын «экономист» мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент.Еңбек жолын 1979 жылы Қызылорда қаласындағы «Риссовхозстрой» тресінің № 27 жылжымалы механикалық колоннасында штукатур-маляршы ретінде бастаған.
1984-1997 жылдары облыстың жоғарғы оқу орындарында жауапты педагогикалық қызметтер атқарған.1997-2012 жылдары облыстық экономика басқармасының басшысы болған.
2012-2013 жылдары облыстық медицина орталығы директорының экономика бойынша кеңесшісі. 2013-2014 жылдары Қазақ инженерлік-техникалық академиясының доценті ғылыми қызметтерін атқарған.
2014-2016 жылдары ҚР Денсаулық және әлеуметтік даму министрлігінің департамент директоры. 2016-2019 жылдары «Nur Otan» партиясы орталық аппараты жетекшісінің орынбасары лауазымдарын атқарған.2019 жылғы қыркүйек айынан бастап «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басшылық лауазымдарында әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызмет атқарып келді.
02 сәуір 2021 ж. 710 0