Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 049

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 079

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 894

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 393

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 601

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 591

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘЗЕРБЕЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӘЗЕРБЕЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІНЕ ҚҰТТЫҚТАУ ЖЕДЕЛХАТЫН ЖОЛДАДЫ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ильхам Әлиевке Әзербайжан Республикасының Президенті лауазымына қайта сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Ильхам Әлиевті Әзербайжан Республикасы Президентінің сайлауындағы айқын жеңісімен құттықтады.
«Өткен сайлаудағы жеңісіңіз азаматтардың әл-ауқатын одан әрі арттыруға және мемлекетіңіздің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған Сіздің саясатыңызға Әзербайжан халқының көрсеткен жоғары қолдауының дәлелі болып саналады. Бауырлас Әзербайжан елінің өркендеуі жолындағы жауапты қызметіңізде жаңа табыстарға қол жеткізуіңізге және алдағы барлық жоспарыңыздың сәтті іске асырылуына тілектеспін.Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы берік достық пен сенімге негізделген қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқаныңызды да атап өткім келеді. Екі ел арасында қалыптасқан стратегиялық ынтымақтастық халықтарымыздың жарқын болашағы үшін одан әрі қарқынды дами беретініне кәміл сенемін», – делінген жеделхатта.
Соңында Қазақстан Президенті бауырлас Әзербайжанның бүкіл халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
12 сәуір 2018 ж. 859 0