№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » УКРАИНАДА ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ӨТІП ЖАТЫР

УКРАИНАДА ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ӨТІП ЖАТЫР


Украинада таңғы сағат 08:00 бастап 30 мыңға жуық сайлау учакесінде ел президентін сайлау бойынша дауыс беру жүріп жатыр. Президенттікке 39 үміткер түсуде. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Украиналықтар 72 елде ашылған 101 учаскеде де дауыс бере алады.
Елдегі сайлауды бақылау үшін халықаралық ұйымдар мен шетелдік мемлекеттерден екі мыңға жуық бақылаушы тіркелген.
Украинаның әлеуметтік компаниялары қоғамның пікірін білу үшін жүргізген сауалнамаға сүйенуде. Оған қатысушылардың 80% сайлауға келетіндерін мәлімдеген. Сарапшылар бұл санадарға сенім артып отырған жоқ, орташа есеппен халықтың 65% ғана келеді деген пайымда.
Сайлауға бірнеше күн қалғанда ІІМ-нің қызметкерлері күшейтілген жұмыс режиміне көшкен. Бүгін 135 мың құқыққорғаушы елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Алдын ала сайлау рейтингінде «Слуга народа» партиясының өкілі Владимир Зеленский, қазіргі президент Петр Порошенко, «Батькивщина» партиясының басшысы Юлия Тимошенко, 2Оппозиционной платформы – За жизнь» өкілі Юрий Бойко және «Азаматтық позиция» партиясының өкілі Анатолий Гриценко көш бастап тұр.
Дауыс беру сағат 20:00 аяқталады (Нұр-Сұлтан қаласы уақытымен 23:00).
31 наурыз 2019 ж. 858 0