» » » Сайлауға қатысу – азаматтық борышым

Сайлауға қатысу – азаматтық борышым

Бүгін, таңмен таласып, азаматтық құқығымды қорғап, баянды болашақ үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына өз дауысымды беріп шықтым.

Байқағанымдай, Жаңақорған кенті Жаңауылдағы N336 сайлау учаскесі өз жұмысын белсенді бастады. Сайлаушылар үшін тиісті талаптар қатаң сақталған. Халықтың демократиялық үрдіске көзқарасы жақсы, әсіресе өмірдің ащы-тұщысын көрген көреген кісілердің сайлауға ықыласы ерекше екен. Әрине, әрбір сайлаушының дауысы мұндай саяси науқанда өте өзекті. Меніңше, елдің ертеңіне қатысты маңызды шара баршаның борышы болғаны жөн деп санаймын.
Қаныбек Әбдуов,
Жаңақорған ауданы әкімінің кеңесшісі
10 қаңтар 2021 ж. 1 236 0