№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Облыс әкімі: жазушы, драматург Сәбит Досановпен кездесті

Облыс әкімі: жазушы, драматург Сәбит Досановпен кездесті

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жазушы, драматург Сәбит Досановпен кездесті. Аймақ басшысы белгілі жазушының шығармашылық мұрасы әлемнің бірқатар елдерінде таныстырылып, еңбектері драма театрларда сахналанғанын атап өтіп, руханият саласына қосқан үлесіне ерекше тоқталды.

«Сіздің есіміңіз, шығармаларыңыз елімізге ғана емес, шет жұрттарға да кеңінен танымал. Өзіңіздің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, «Парасат» ордені мен «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының және М.Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың, Қырғызстанның «Алтын қалам» ұлттық әдеби сыйлығының иегері болғаныңызды, Ресей әдебиеті академиясының академигі, Ресей педагогикалық және әлеуметтік ғылым академиясының академигі, бірқатар университеттердің профессоры атанғаныңызды білеміз. Қолтаңбаңыздан шыққан шығармаларыңыз алыс-жақын шетелдерге тарап, руханият жанашырларының жоғары бағасына ие болды. Елдің ықыласына бөлене беріңіз»,-деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.Кездесу барысында жазушы Сәбит Досанов облыс әкіміне арнайы алғысын білдіріп, Сыр елінің ерекшелігі мен руханият әлеміндегі орнын сөз етіп, өңір басшысына кітаптарын тарту етті.
Талантты ақын, шебер прозаик Сәбит Айтмұханұлы 1940 жылы, 12 қаңтарда Қостанай облысы, Амангелді ауданы, Байғабыл ауылында туған. Көптеген роман, повесть, әңгімелердің авторы. «Қайырлы таң», «Жанр тағдыры», «Сексен бестің көктемі», «Адаспаңдар, адамдар», «Тотем под чадрой», «Тензор степного кургана» атты кітаптарының авторы. Оның театр тақырыбына арнаған «Тау жолы» шығармасы мен «Советский писатель» баспасынан шыққан «ХХІ ғасыр» роман-эпопеясы әлемдік әдебиеттен лайықты орын алды. Ал, «Ақ аруана» туындысы француз тіліне аударылып, әлемдік бестселлер қатарынан табылса, «Дауыл», «Ертең бюро» атты драмалары М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында, Атырау, Жезқазған, Семей, Тараз, Бішкек қалаларының сахналарында қойылды.
Кездесу соңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жарты ғасырға жуық шығармашылықпен айналысып келе жатқан жазушы Сәбит Досановтың әрбір еңбегінен ұлтттың мұң-мүддесі, тарихи деректер мен құндылықтарға негізделген тың деректерге қол жеткізуге болатынын атап өтті. Драматург Сыр еліндегі сапары аясында рухани-мәдени кездесулер өткізеді.
Облыс әкімінің қабылдауынан кейін құрметті қонақ Сәбит Досанов Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылдық мәдениет үйінде шығармашылық кездесуге қатысып, кітап көрмесімен танысып, тұрғындармен кездесті. Парасатты жиында жазушының құрметіне арналған арнау өлеңдер оқылып, драматургке құрмет көрсетілді.
13 қазан 2020 ж. 618 0