№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Аза тұту – ардың ісі

Аза тұту – ардың ісі

Елдің ипидемилогиялық ахуалы күрделеніп жатқан кезде «жалпы ұлттық аза тұту күнін» атап өту өте орынды деп санаймын. Біріміз жақыннан айрылып, енді біріміз ауыр дертпен күресіп жатқан кезде елдің еңсесін тіктеп, болашақ өмір үшін күресуге күш береді. Мен 13 шілдеде өтетін траураны құрметпен өткізіп, барша жерлестеріме амандық, саулық, береке тілеп, науқас жандарға дұға етемін.

«Әрине қалыптасып отырған жағдай оңай емес. Бұл – бүкіл әлем мемлекеттеріне түскен зор ауыртпашылық. Біз оны осындай сын сағатта септігін тигізетін халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі арқасында міндетті түрде жеңіп шығамыз. Ол үшін бізге қажетті нәрсе – қаржы-қаражат, материалдық ресурс, техника, азық-түлік – бәрі бар. Алаңдайтын, абыржитын еш негіз жоқ».Бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауында айтылды.
Мен де үрейге берілуге еш негіз жоқ деп білемін. Себебі еліміз егемендік алғалы бері жинаған әлеуетіміз осы сыннан өтуге толық мүмкіндік береді. Ең алдымен Ұлттық қорымызды атап өту қажет. Олай дейтінім, COVID-19 вирусымен күресуге және экономикалық дағдарыстың алдын алуға арналған шаралардың барлығы ең алдымен қаржы мәселесіне келіп тіреледі. Осы шараларды іске асыру кезінде де Ұлттық қордың үлесі мол болмақ. Елбасы да бұл туралы «Бізде осындай қиындық туғанда ешкімге алақан жаймау үшін ұрпақ қамы, ел болашағы үшін жинақталған Ұлттық қор мен алтын-валюта қорында 90 миллиард АҚШ доллары бар. Ретімен, үнемді пайдаланар болсақ, ол бүгін басымызға түскен тағдыр мен тарих сынынан еңсемізді тік ұстап өтуімізге мол мүмкіндік береді» деп айрықша атап өтті. Ендеше, алаңдаудың, уайымға берілудің жөні жоқ. Оның үстіне, індеттің алдын алу мақсатында елімізде 10 млрд АҚШ доллары бөлініп, ел игілігі жолына жұмсалуда.
Дүние жүзін шарлаған эпидемия мен дағдарыстың кесірі елімізді айналып өтпесі белгілі. Десе де, Елбасы осы қиындықтармен халық болып күресуіміз қажет екенін алға тартып отыр. Еліміздегі аға ұрпақ пен зиялы қауым өкілдеріне, жас ұрпаққа, кәсіпкерлерге сөзін арнап, ізгі амалдар жасауға үндеді. Соған құлақ түруіміз қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халқымыз. Бұл зауалды да ел болып еңсереміз деп сенемін!
Серік МҰСАБАЙ,
ардагер ұстаз,
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы саяси кеңесінің мүшесі.
13 шілде 2020 ж. 550 0