№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҰРПАҚ САУЛЫҒЫ ҰЛТ КЕЛЕШЕГІНІҢ КЕМЕЛДІГІ

ҰРПАҚ САУЛЫҒЫ ҰЛТ КЕЛЕШЕГІНІҢ КЕМЕЛДІГІ

Жаһан жұрты қазір күрделі кезеңді бастан кешіріп келеді. Әлемді әбігерге салған індетпен жан аямай күресіп бағуда. Мұндай жағдайда мемлекеттік сарабдал саясаттың орны бөлек. Қолдау мен демеу аса қажет, ұлтты ұйыстырып, бірлігін бекем ету кеселмен күресудің басты қаруы. Сондықтан да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласын үлкен ықыласпен оқып шықтым.
 Мақалада Тұңғыш Президент халықпен қашанда бірге болып, ел қиналғанда еңсені тіктеудің тектігін түсіндірді. Егемендіктің үлкен жемісі елдің амандығы, ол үшін ынтымақ пен татулық, тәртіп пен тұрақтылық басты меже. Бүгінгі аса күрделі ахуал бүкіл әлемге, біздің халықтың басына да түскен үлкен сын. Осындай сын сағатта мемлекет болып, халық болып бірлігімізді танытуымыз керек.
Мақалада – ұлт денсаулығы мен мемлекет қауіпсіздігі бір-бірімен етене, егіз ұғымдар екені, мемлекет бұл қиындықтан шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтыны және тиісті шараның барлығын атқаратыны айтылған. «Бірде-бір адам, еліміздің ешбір азаматы қамқорлықсыз қалмайды» деді Елбасы. Індетпен күресуге мемлекетіміздің қауқар-қуаты жеткілікті, қаржылық жағдайы, тиісті қоры бар, экономикамыздың орнықты екені айтылды. Ал осындай сын сағатта үлкен рухани күш – халқымыздың төзімділігі, ерік-жігері және өзіне деген зор сенімі.
«Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді халқымыз. Сондықтан да алыпқашпа сөздерден,  жаман ниетті ақпараттардан алыс болайық.  Қауіпті дертпен күрестің алдыңғы шебінде жүрген дәрігерлер, ел қорғаушылар, өзге де тиісті жұмыстарын атқарып жүрген азаматтарға күш-қажыр, төзім тілейік. «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді». Бұл аталы сөзге мен де қосыламын. Жаңақорған жұртына осындай сын сағатта бәріміз бірге, сабырлы және аса жауапкершілікте болайық. Әсіресе жастарды ойлайық, өйткені ұрпақ саулығы ұлт келешегінің кемелдігі.
Серікбай СҰЛТАНҰЛЫ,
ардагер ұстаз.
11 сәуір 2020 ж. 718 0