№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет

Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет


Елбасы елді тиімді басқару үшін мемлекеттік қызметкерлердің білуі қажетті жоғары рухани жауапкершілік, кәсіби білім және де оларды тәжірибе  жүзінде қолдана білу, адалдық, белсенді өмір позициясын негізгі сапалар деп атап көрсетті.Мемлекеттік қызметтегі әр адам өз жұмысының ьарлық маңызын білуі тиіс.Мемлекеттік болу-зор құрмет.

Мемлекеттік жүйені дамытудағы басым бағыттардың бірі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшісінің жағымды имиджін қалыптастыру және нығайту болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлерге қойылар басты талап сапалы-жұмыс болса, нәтижесі-үздік көрсеткіш.Мемлекеттік қызметте жүрген мамандардың өз жұмысына жауаптылықпен қарауы- қызмет сапасының артуына тікелей ықпал ететіні сөзсіз.Қай мемелкеттік қызмет саласы болса да, мемлекеттің сол саладағы саясатын жүргізетін орган болып табылатындықтан, сол салының кәсіби білікті кадрлары-саланың заманталабына сай тез дамуын,уақытпен бірге жүріп отыруын қамтамасыз етеді, саланың даму деңгейінің көрсеткішін жасайды.Екінші жағынан, мемлекеттік қызмет саласы- халыққа қызмет көрсетуші, халықпен тікелей байланыстағы екенін ескерсек, тек кәсіби маман болып қана қоюдың жеткіліксіздігі, оған қосымша халықпен араласу, қатынас жасай білу мәдениетінің қалыптасуының маңыздылығын арттырады.
Білімділік, біліктілік, жоғары моральдық-этикалық бейне, адамгершілік- әрбір мелкекеттік қызметшінің бойында үйлескен жағдайда-мемлекеттік қызметшінің «жоғары имиджі» жасалады, осындай имидж мемлекеттік қызметтің беделін көтеруге тікелей жол болып табылады.
Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде мемлекеттік қызметкердің оң имиджімен беделі-бұл мемлекет беделінің бір бөлігі.Мемлекетімізде жоғары кәсіби мемлекеттік қызметтің қалыптасуы, олардағы басқару құрылымдарының міндеттерінің сапалы жүзеге асуы, бұл көп жағдайда мемлекеттік қызметшінің кәсібилігіне байланысты болып келеді.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге, сырт келбеті қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуі керек.
Мемлекеттік қызметші өз қызметі шегінде барынша ұқыпты, адал, әділ әрі сыпайы, қай кезде де өзгеге үлгі бола болуы тиіс.
Осы тұрғыдан соттардағы мемлекеттік қызметкерлері де үдеден шығу үшін аянбай еңбек етіп келеді.     
 
А.Тасмағанбет,
Жаңақорған аудандық сотының
жетекші маманы
29 мамыр 2020 ж. 860 0