№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жұмыс тиімділігі маңызды

Жұмыс тиімділігі маңызды


Біздің еліміз Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды белеске бағыт алғаны айқын. Осы кезеңдері халық жағдайын жақсарту – барлық игіліктердің басты мұраты болып табылады. Біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз.
Саяси жаңғыру үдерісі ел азамат­тарының мүдделеріне сәйкес үздіксіз жүзеге асқанда ғана нәтиже береді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында Үкіметтің әлеуметтік және экономикалық саясатқа жауапты құры­лымдары қоғамның қажеттіліктеріне сәйкес нақты жұмыс жүргізуі қажеттігін тапсырған болатын. Бұл үшін бақылау, талдау және болжау жүйесін неғұрлым күшейту қажет.
Жаңақорған аудандық қазынашылық басқармасы мекемесі бюджет қар­жысының әрбір тиынының мақсатты жұмсалуына мүдделі.
Бүгінгі таңда ҚР Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» №540 бұйрығына сәйкес мекемеміз республикалық жергілікті бюджеттердің атқарылу тәртібін қадағалап, мемлекеттік мекемелердің және уәкілетті органдардың бюджетке түсімдердің түсуін қамтамасыз етуді басшылыққа алады. Бюджеттік бағдарламалардың іске асуын, сондай-ақ, бюджеттің тапшылығын қаржыландыру жөніндегі іс-шаралар кешенінің орын­далуы бойынша іс-қимыл тәртібін айқындайды.
Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі керек. Мұның барлығы жауапты құрылымдардың жұмыс сапасына тікелей байланысты. Сондықтан да алдағы кезеңде қайсыбір салада болмасын жұмыстың тиімділігіне басты назар аударылып отыр. Сол арқылы нақты мақсатқа қол жеткізу деңгейі анықталады. Бізге жүктелген жауапкершілік салмағы мемлекет қазынасына қырағы көзқарасты одан сайын арттыра түспек.

Ұлзира Мұхитдинқызы,
Жаңақорған аудандық
қазынашылық басқармасының
 бас маман - бас қазынашысы.
01 желтоқсан 2019 ж. 1 065 0