№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Тым қатал ене



Жаңадан босаға аттаған, үйренгенінен үйренері көп жас келінге қысым көрсетіп, кейін уақыты келгенді қыл бұрауды біртіндеп босату тактикасын көптеген енелер қолданады. Бұл жаман тактика деп айта алмаймыз. «Жас келінге қаттырақ қарағаны, ширатып бір алайын деген шығар» дегендей, енеге мұндай тәсілді қолдану тиімді әрі дұрыс. Өйткені, келін саты-сатысымен кішкентай ғана болса да еркіндікті қолына түсіру үшін отбасын өзін бағыштайды. Есесіне, сенімге кіреді, отбасылық өмірдің оңай болмасын, бақытты өмір сүрудің қымбат тұратынын түсінетін болады. Егер ененің тарапынан осы тактиканың керісіншесі қолданылса, бұл жағдайды ушықтырып алу қауіп басымырақ. Яғни, жаңа түскен келінді әуелі бос ұстап, кейін келе тізгін тартылса, кім де болсын қарсылық танытуы табиғи құбылыс. Себебі, келінге ерік берілмейді, керісінше уақыт өткен сайын алынады. Еркіндігі шектеледі. Дұрысы, бастапқы тізгінді босатпай ұзақ уақыт жүру, яғни, ененің сол бастапқы қатаң талаптары жылдар бойы жалғаса берсе, кім де болса шыдамайды. Ақыры күндердің күнінде шыдамы таусылған келін кетіп қалады. Сондықтан, еркіндікке сусап тұрған келіннің шөлін қандырып, арасында мейірімділік танытып, оған жамандық ойламайтындығыңызды, керісінше, отбасының бекем болуын ойлап жасап жатқаныңызды оған сезіндіре алуыңыз керек.

Г. Жұмаділдаева

03 тамыз 2019 ж. 1 417 0