Тылсым күшке сенесіз бе?
Мен бала кезімнен бастап тылсым күш дегенге жакын едім. Үйімізде домовой да бар болатын. ӘсІресе, менің бөлмемде үнемі кішкентай кыз жүретін. Мен оган үйренісіп кеткенмін. Үйдегілер көрмеген елестерді мен көретінмін. Уакыт өте келе окуымды бітіріп журналистика мамандыгы бойынша білім алдым. Бир қызыгы сол тылсым күштерге бет бұрып зерттеуден шаршаған жоқпын. Бір күні кітапханадан "Жындар" туралы біршама акпарат алған едім. Соны окып, олар туралы біраз ақпаратқа қанықтым. Үйде туысқан сіңілім екеуміз болатынбыз. Содан не керек ақпараттар үйде тұрды. Кішкене ұйықтап алайық деп көз ілгенбіз. Сағат түстен ауған 16:00 шамасында мені бір қап-қара, қорқынышты кейіптегі құбыжық жұлқылап жатыр екен. Көзімді ашсам қылқындырып әбден ұрды. Бір кезде сіңілімнің "әпке" деп айқайлаған жан дауысы естілді. Қасымда жылап отыр екен. Мен ұйыктап жатканда жанағы пәленің қасыма келгенін ол көрген екен. Бір қызығы сол, мойным тырмаланған күйі кызарып, тырнақ пен кол іздері кетпей қалды. Бұл түс емес, өнімде болғаны анық. Сол тырнақ іздері өмір бойы өшпей, әлі мойнымда жүр.
Содан бери қатты беріліп, тылсым күштер әлеміне бойлауымды қойдым.
Содан бери қатты беріліп, тылсым күштер әлеміне бойлауымды қойдым.