№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 956 км қашықтық жолда оразасын бұзбаған

956 км қашықтық жолда оразасын бұзбаған






Жақында ауыл-аймақтағы жиын тойдың арасында қызмет етіп жүріп, көпшіліктің гу-гу әңгімесіне еркісіз құлақ түрдім. Барлық адамның таңғалысып жатқаны, сол жиынға Алматыдан арнайы келген 52 жастағы қонақ кісі Алматыдан Жаңақорғанға жеткенше оразасын бұзбапты. 956 км жолдың қашықтығы мен автобус арқылы бір тәулік жүріп келетін жолға сабыр мен шыдамдылық танытқан Шәрипа Нажмудинқызы  бұрын парыз амал болған Қажылықтың өтеуін орындаса, екінші рет сүннет жолын жасап "Умра" кіші қажылықта болған екен. Жалпы, бойына иманы мен ибасын жиған көпшілікке үлгілі азаматша Алланың мекенін зиярат етуден де қалыс қалған емес. Ыстық күн  мен ауа-райының қолайсыздығына шыдап, тамақ пен судан тыйылып, жолда жүрсе де оразасын бұзбаған жанға сұрақ қойғанымда:
  • Алла Тағала ораза тұтушы пендеге өзі қорған болады екен. Жолдың ұзақтығы шаршатқаны рас, бірақ Аллаға шүкір оразам жеңіл өтті. Жылына бір ақ рет келетін қасиетті айда толық 30 күн ұстанғым келді. Сол үшін оразамды бұзбадым. Ең бастысы, жүректегі ынта-ықылас, иман берік болуы тиіс. Ал, қалған тамақ, су дегендерге шыдауға болады. Еш қиындығы жоқ, – деді алматылық Қажы.  


Иә, егде тартқан 52 дегі апайдың бұл сөзінен көп тәмсілді ұғуға болатындай. Жап-жас болып оразамын деп ұйықтап жатқан жандардың жанында бұл кісінің оразасы ерекше артық сынды. Ниетіне қарай амалы болған қажының оразасынан көпшілік үлгі алса, Алладан алар сауабымыз да үлкен болар бәлкім...
12 мамыр 2019 ж. 1 082 0