№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Автобустың шатыры жұлынып кетті: Қордайдағы жол апатының фотолары жарияланды

Автобустың шатыры жұлынып кетті: Қордайдағы жол апатының фотолары жарияланды

Фотодағы көліктердің мемлекеттік нөмірінен жолаушылар автобусының Шымкентте, ал жүк көлігінің Жамбыл облысында тіркелгенін көруге болады
Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысының Қордай ауданындағы ірі жол-көлік апатының фотолары жариялана бастады.


Суреттерден 20 сәуір күні, таңғы сағат 05:00-де болған жантүршігерлік апат салдарын көруге болады. Аударылған жолаушылар автобусы, қатты соққыдан жапырылып, майысып қалған Toyota, зақымданған жүк көлігі мен үстіне мата жабылған адам денесі жатыр.
Фотодағы көліктердің мемлекеттік нөмірінен жолаушылар автобусының Шымкентте, ал жүк көлігі Жамбыл облысында тіркелгені белгілі болды. Желіге салынған жеңіл көліктің нөмірі көрінбейді.
Қордайдағы жантүршігерлік апат
Трагедия бүгін сағат 05:00-де Алматы-Ташкент тасжолының 181-ші шақырымында болды.
Апат салдарынан оқиға орнында сегіз адам көз жұмды, 32 адам ауруханаға жеткізілді, алған жарақатынан тағы үш адам жан тапсырды.
ІІМ тергеу жүргізіп жатыр
Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 345-бабының төртінші бөлігіне (екі немесе одан көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) сәйкес алдын ала тергеу басталды.
Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша ІІІМ мен облыстық полиция департаменті қызметкерлерінен жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу барысында сот сараптамаларының қорытындысы ескеріле отырып көлік жүргізушілерінің кінәсі анықталады.
Үш елдің трагедиясы
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ірі апатта қайтыс болғандар мен жарақат алғандар арасында Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары болуы мүмкін.
Сыртқы істер министрлігі Өзбекстан азаматтарының болғанын растады. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан басшысына телеграмма жолдады. Үкіметке шұғыл түрде шара қабылдауды тапсырды.

ДЕРЕККӨЗ: sputniknews.kz


20 сәуір 2019 ж. 1 031 0