Сұхбат

Бплп дәрігері

06 наурыз 2023 ж. 1 009

Үздік Шопан

23 ақпан 2023 ж. 1 042

Денсаулық зор байлық

16 ақпан 2023 ж. 2 854

Денсаулық зор байлық

11 ақпан 2023 ж. 1 356

Алғыс арқалаған азамат

28 желтоқсан 2022 ж. 1 564

Елге адал қызмет ету мақсатым

27 желтоқсан 2022 ж. 1 556

№22 (8630) 18

20 наурыз 2023 ж.

№21 (8629) 14

14 наурыз 2023 ж.

№20 (8628) 11

11 наурыз 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Түркістан облысында ірі жол апаты болды

Түркістан облысында ірі жол апаты болды

Шымкент-Самара тасжолының 115-шақырымында «Нексия» жеңіл көлігі мен «Хюндай старекс» шағын автобусы соқтысығып, нәтижесінде 2 бала мен 2 ересек адам түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Алайда қатты соққы алған 5 және 15 жасар балалар емдеу мекемесіне жете сала көз жұмған. Ал онан соң жеңіл көліктің жүргізушісі де қаза тапты.

Алматыда автобус қыз баланы қағып кетті 
Алматыда автобус жүргізушісі қыз баланы қағып кетті.  Денсаулық сақтау басқармасындағылар зардап шеккен қыздың дереу Қалалық орталық клиникалық ауруханаға жеткізілгенін хабарлады. Оқиға Розыбакиев көшесі мен Абай даңғылының қиылысында болған. Қыз бала бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен көрінеді. Ал жүргізуші тоқтап үлгірмеген. Дәрігерлердің айтуынша, жәбірленушінің жағдайы орташа ауыр.

Қарағандыда сауда орталығы өртенді 
Кеше Қарағандыда сауда нүктелерінің бірінде өрт шықты. Ондағы жиһаз бен тұрмыстық техникалар түгел жанып кеткен. Абырой болғанда өрт сөндірушілер тілсіз жауды тез ауыздықтады. Зардап шеккендер жоқ, ғимараттағы барлық жұмыскерлер эвакуацияланған. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.
Ақмола облысында қашып жүрген қылмыскерлер ұсталды 
Ақмолалық полицейлер бір күнде іздеуде жүрген 10 шақты қылмыскерді ұстады. Оларды қолға түсіру жұмыстары тек қана облыс көлемінде емес, тіпті көрші Ресей елінде де жүргізілген. Ұсталғандардың барлығы да қылмыстық істері үшін қашып жүргендер. 

Түркістанда дүкен тонаған күдікті ұсталды 
Түркістанда белгісіз біреулер шаһардағы дүкендердің бірінің есігін бұзып кіріп, азық-түліктер мен жарты милиион теңгеден астам қаражатты қолды қылды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде Түркістан қаласының жергілікті тұрғынын ұстады. Тергеу барысында оның тағы осындай 10 шақты ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Ал жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі 1 миллион теңгеден асады. Күдікті қазір қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Заңсыз ағаш кесу дерегі тіркелді 
Павлодар облысында заңсыз орман отау дерегі тіркелді. Оқиға Майқарағай  орман шаруашылығында болған. 1 жарым мың текше метрден астам ағашты 33 жасар жігіттің кесіп тастағаны анықталды. Ал жалпы жыл басынан бері аймақта заңсыз ағаш кесу бойынша 4 дерек тіркелген.



15 наурыз 2019 ж. 963 0