№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мұнаралы мұражай немесе атамның басы

Мұнаралы мұражай немесе атамның басы



 Егер бір елдің қасиет тұтып, қастерлеген затын басқа ел алып қойса немесе бір елдің ішкі мәселелеріне басқа бір ел емін - еркін араласа алатын болса демек ол ел барлық жағынан әлсіз деген сөз. Мысалы Кұдыс қаласын (Ирусалим) ғалымдар мұсылмандардың күш - қуатының өлшемі деп біледі. Егер Кұдыс мұсылмандардың қолында болса мұсылмандар күшті деген сөз. Ал, егер Кұдыс басқа дін өкілдерінің қолына өтсе мұсылмандардың барлық салада артта қалғаны.
  Ая София да де түріктердің күш - қуатының өлшемі іспетті. 1453 жылы Мехмет Фатих Сұлтан Ыстанбұлдың қақпасын мұсылмандарға айқара ашқаннан кейін қаладағы бірнеше үлкен шіркеуді мемлекеттік уақыптың иелігіне тапсырып, мешітке айналдырған. Бұл әрине өз кезегінде Шығыс Рим империясына үлкен соққы боп тиген еді. Себебі Ая София шіркеуі императорлардың тәж кию рәсімі орындалатын патшалықтың басты шіркеуі болатын. Фатих Сұлтан шіркеуді әдейі мешітке айналдырған. Себебі Ыстанбұл күшпен алынған. Ал егер қала бейбіт жолмен Османлылардың қолына өткенде бәлкім Ая София шіркеу болып қала берер еді. Османлы патшасы өз заманындағы ең үлкен қарсыластарына мұсылмандардың қаншалықты күшті екенін білдіру үшін осылай жасаса керек. Кейіннен атақты сәулетші Мимар Синан мешітке айналған ескі шіркеуге екі мұнара орнатады. Арада ғасырлар өтеді. Османлы империясы тарих сахнасынан кетіп Анадолы жерінде Түрік Республикасы құрылады. 1935 жылы сырт күштердің ықпалымен түрік басшылары Ая Софияны мұражайға айналдырған. Батыс елдері соңғы ғасырларда қаншалықты діннен ұзақ боп көрінсе де кезінде Фатих Сұлтанда кеткен ақыларын оның ұрпағынан алғандай еді. Содан бері бұл жер тарихи мұражай ретінде қолданылып келеді. Бұл жерде намаз оқуға рұқсат жоқ. Түріктер үшін де, Батыстық католиктер үшін де бұл жер мұражай ғана емес, екі жақтың күштерінің таразысы секілді. Бұрнағы жылы Ердоған рамазан айында осы жерде молдаға азан шақыртса, жақында ғана бір европалық биші әйел Ая Софияның ішінде балет билеп тұрған фотосын жариялады. Осы екі әрекеттің де астарында үлкен мән жатыр. Менде Ая Софияны бір аралап шықтым. Маңайында жүріп неше түрлі ойға ерік бердім. Бір кезде кенеттен елімді отарлаған ескі дұшпанның қолындағы атамның басы есіме түсіп кетті. "Атамның басы-ай, атамның басы-ай!" деген күйі қалың туристің арасына кіріп, жоқ боп кеттім...
 
Мақала: Roman Burkashтың фейсбук парақшасынан
12 наурыз 2019 ж. 969 0