№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Жеті кірпіш




  Түркияның Кайсери қаласында "Жәми кәбир" (Ұлы жәми, Сұлтан жәми) деген 900 жылдық тарихқа ие ескі мешіт бар. "Жәми кәбир" Анадолы жеріндегі Селжуклылардың алғашқы сәулет туындысы болып табылады. Данишменд сұлтаны Мелик Мехмет Гази 1135 жылы Византиялықтармен болған соғыста жеңіске жетіп, Кайсери қаласының қақпасын мұсылмандарға айқара ашқан және осы қаланы елдің астанасы етіп жариялаған. Кайсери мұсылмандардың қолына өтер - өтпес Мелик Мехмет Гази сұлтан қаланың қақ ортасынан осы "Жәми кәбирді" тұрғызуға әмір берген екен.
  Мешітті аралап жүріп назарымыз мешіттің сол қанатындағы қабырғаның жоғарғы жағындағы жеті кірпішке ауды (бірінші фото). Үлкен мешіттің кішкене бір бөлігінде қаз - қатар қойылған жеті қызыл кірпіштің өзіндік аңызы бар екен. Мелик Мехмет Гази мешітті сауабы көбірек болсын деп мешітті бастан аяқ тек өзінің қаржысына салдырмақ болыпты. Құрылысшылар мен бас сәулетшіге құрылыс барысында ешкімнен ешқандай нәрсе алмауларын қатты ескерткен екен. Бірақ үйінің жанында үлкен мешіт салынып жатқанын естіген бір кемпір бұл үлкен қайырлы іске бей - жәй қарай алмай қолындағы бар ақшасына жеті қызыл кірпіш сатып алып құрылысшыларға кірпіштерді қалауларын өтініпті. Құрылысшылар алғашында қарсылық білдіргенмен кемпір зар жылап тұрып алыпты. Ақыры құрылысшылар мұсылман кейуананың дегеніне көніп жеті кірпішті қалап жіберген екен. Мешіт құрылысы бітіп сұлтан халықпен бірге мешітте намаз оқыған түні ғажайып бір түс көріпті. Түсінде сұлтан махшарда есеп беріп жатыр екен. Бір кезде періштелер келіп сұлтаннан "Мешіт салғандарың үшін жәннатқа кіресіңдер" деп көпше түрде сүйінші сұрапты. Дәл сол кезде сұлтан шошып ояныпты. Ертеңіне барлық құрылысшыларды жинап кімнен не алғандарын сұрап, тергеуге алғанда құрылысшылар тек бір кедей кейуанадан жеті кірпіштен басқа ештеме алмағандарын айтып ант ішкен екен. Осылайша Мелик Мехмет гази түсінде періштелердің не үшін көпше түрде сүйінші сұрағандарының парқына жеткен деседі.


Мақала: Roman Burkashтың фейсбук парақшасынан
12 наурыз 2019 ж. 1 155 0