Құрылтай

Соңғы жаңалықтар

№62 (8976) 18

18 тамыз 2026 ж.

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Қонақ түрі

 
Сырым батыр үйіне қонып отырған қадірменді қонағы Төленді биден:
Биеке, қазақтың қонағы неше түрлі болады? – деп сұрапты.
Қазақтың қонағы төрт түрлі болады: біріншісі арнайы қонақ, екіншісі – құдайы қонақ, үшіншісі – қыдырма қонақ, төртіншісі – қылқыма қонақ.
Ал оны қалай айырамыз? – дегенде:
Арнайы қонағымыз алыстан арнайы келген жақын туыс,нағашы, жиен, құда, күйеу, қайын сияқты жекжаттың немесе сүйікті достарың, жақсы жолдас-жораң.Міне,  бұл – нағыз сыйлы қонағың.
Құдайы қонағымыз өзің танымайтын, білмейтін шалғай елден, шалғай елден, алыс жерден жолаушылап жүріп, ат басын тірей қалған тосын да бөгде қонақ.
Міне, бұл – нағыз сауап қонақ.
Қыдырма қонағымыз ерігіп те желігіп үйден-үйді, ауылдан-ауылды кезіп, сөз аңдып, өсек теріп, қымыз ішіп, ет жеп жүрген сандалма қонақ.
Міне, бұл – нағыз далбаса қонағың.
Қылқыма қонағыңыз үй арасындағы, ауыл ішіндегі түтіні түзу шыққан үйді торып, өзінің құлқыны үшін аузына тигенін қылқытып жіберіп, басы ауған жаққа тарта  беретін көлденең қонақ.
Міне, бұл – нағыз сұғанақ қонағың, – депті, көпті көрген көне би Төленді қарт.  
14 қыркүйек 2018 ж. 2 239 0