№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТӨРТ ӘЙЕЛ ТУРАЛЫ ТӘМСІЛ

ТӨРТ ӘЙЕЛ ТУРАЛЫ ТӘМСІЛ

Ертеде бір сұлтанның төрт әйелі бар екен. Олар бәрі бірдей парасатты да қайырлы болыпты. Сұлтан ең жас, мейірімді төртінші әйелін өзгелерден өзгеше жақсы көріпті. Оған үнемі бағалы тартулар сыйлап, көңілін табу жолында жүрген екен. Үшінші әйелі теңдессіз сұлу болғандықтан, оған да ықыласы ерекше болып, жанынан тастамай ертіп жүреді. Өзгелер қызыға қарағанда, марқайып қалады. Әйтсе де, сұлу келіншегім күндердің бір күнінде мені тастап кетпес пе деген үреймен өмір сүріпті. Сұлтанның екінші әйелі айласы мен ажары тең әрі сабырлы, данышпан болыпты. Жұбайы қандай жағдай болса да, онымен ақылдасып шешеді екен. Әйелі айтқаны айнымай келіп, шешілмейтін түйін қалдырмайды. Ал бірінші әйелі өзгелерінен ересек екен. Ол сұлтанға аса адал болады, бар жүрегімен беріліп сүйеді. Өкінішке орай, сұлтанға деген шексіз махаббатына ондай жауап ала алмайды. Сұлтан оған бейжай қарайды... Күн артынан күн өтіп, сұлтан дертке шалдығады. Төрінен көрі жақын екенін сезген ол әйелдерін кезек-кезек шақырып алып, бақұлдасады. Алдымен өзі аса жақсы көретін төртінші әйелін шақырады.
– Олай-бұлай боп кетсем, сен менімен мәңгілік сапарға бірге аттанасың ба?– дейді.
– Мұндайды ойыңа да алма,– деп есіктен сытылып шығып кетеді.
Үшінші әйеліне өмір бойы оны мақтан тұтып, көркіне тәнті боп өткенін айтқанда да, ол да үзілді-кесілді бас тартады:
– Менің өмірі алда, болашақта өзіме өзге жар табармын,– деп науқас жүректі одан сайын сыздатады.
 Екінші әйелінен сұрағанда, ол да:
– Мен сенімен о дүниеге аттана алмаймын. Осы кезге дейін ақылшың болдым, енді ақтық сапарға абыроймен шығарып салу ғана қолымнан келеді,– деген екен. Ол есіктен шыға бергенде:
– Мен сенімен қайда болса да бірге баруға дайынмын, әрдайым жаныңнан табыламын,– деген дауысты естиді. Мұны айтқан, әрине, бірінші әйелі еді. Ол ерінің науқасына қайғырып, өзі де азып-тозып кеткен екен. Бұл қылығына таңғалған сұлтан өзегін өкініш өртеп:
 – Аман кезімде басқаларға қарағанда, саған көбірек көңіл бөлуім керек еді,– дейді. Бұл төрт әйел біздің барлығымызда бар. Төртіншісі – денеміз. Қанша жерден әдемі болғанымен, жақсы көрінгіміз келгенімен, оның еш пайдасы жоқ. Өйткені ол сымбат бізбен бірге о дүниеге бармайды. Үшінші әйел – қызмет, мансап және ақша. Біздің өмірімізден кейін олардың барлығы басқаларға қалады. Екінші әйел – отбасы мен жақындарымыз. Олар өмір бойы бізге көмектесіп, қамқоршы болады, бірақ біз о дүниелік болғанда жақындарымыз бізді бейітке дейін ғана шығарып салады. Ал соңғысы, яғни бірінші әйел – біздің жанымыз. Байлық, бақыт, ақша, мансап, рақатқа бөлену жолында жанымыздың жайын ұмытып, бәріне де барамыз. Осыған қарамастан, тек жанымыз ғана әрдайым бізбен бірге болады. Сондықтан оны әркез бірінші орынға қойып, қорғап жүруді ұмытпаңыздар. Бұл өмірде бізге берілген ең үлкен сый – жанымыз. Оған көңіл бөліп, қамқор болайық.

26 маусым 2018 ж. 1 368 0