№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Уәде


Өте ертеде қолы қарулы жігіт бір адамды байқаусызда өлтіріп қояды. Өлген адамның туыстары қазыдан "қанға-қан" үкімін сұрайды. Жігіт айтады: "Алыста тұрушы едім, жақындарыммен қоштасайын, қарыздарымды жабайын. Үш күнге мұрсат берсеңіз", - дейді. Қазы көпшілікке қарап: "Бұған кепіл болатын адам бар ма?" - дейді. Ешкім үндемейді. Сол кезде бір қария шығып: "Мен кепіл боламын. Ол келмей қалса, мен жауап беремін". Ел-жұрт аң-таң. Өйткені бұл қария ана жігітті танымайды.

Арада үш күн өтеді. Уәделі күні елдің бәрі жаза алаңына жиналады. Әлгі кісі өлтірген жігіт жоқ. Жұрт біткен оның жолына қарап тұр. Бірақ ешкім көрінбейді. Ел "жігіт өтірік уәде берген екен, мына қарияға обал болатын болды-ау", - деп ойлайды. Бір кезде көпшілік алыстан қара терге түсіп жүгіріп келе жатқан жігітті көреді. Оның уәдесінде тұрғанына бәрі таң қалады. Жігіт айтады: "Елім алыс болғандықтан уақыттан кешіктім, бірақ бәріне үлгердім, енді өлімге дайынмын". Уәдеден таймаған азаматқа ел риза. Жағдайға қаныққан өлген адамның туыстары да "біз кешірдік" дейді.

Қазы көпшілік алдында өлім жазасы үкім етілген жігіттен: "Сен өлетініңді біле тұрып келдің, неге қашып кетпедің?". Ол: "Мен уәдемде тұрмасам, кейін мұсылмандар арасында уәденің құны жойыла ма деп қорықтым". Қазы қарияға бұрылып: «Сіз бұл адамды танымай тұрып неге кепіл болдыңыз?». Ақсақал: "Кейін мұсылмандар арасында уәдеге сенушілік әлсірей ме деп қорықтым", - депті.
Фариза Туреханова
29 сәуір 2024 ж. 2 698 0