№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ауғанның отты жалыны

Ауғанның отты жалыны


Олар бар болғаны он сегіз-он тоғызда еді. Олар да өмір сүргісі келді. Бірақ өмір қағидасы – жазмыштан озмыш жоқ... Тағдыр оларды жып-жылы ұясынан шығарып алып, сұп-суық соғыстың ортасынан бір-ақ шығарды. Кім үшін? Не үшін? Неге? Сұрақ көп, жауап жалғыз – құпия!


Міне, солардың сәл де болса іштегі шерін шығару үшін жыл сайынғы дәс­түр бойынша ақпан айының 15 жұлды­зы кеңес әскерінің ауғанстан жерінен шығарылуына, 34 жыл толуына орай аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Ауғанның отты жалыны» атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші болып өтті. Кездесудің мақсаты – Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.
Рухты жігерлендіретін кешті ау­дандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов ашып, кеш қонақтарына ыстық лебізін білдіріп, оқушыларға шабыт берер шынайы әңгімесін қанатты нақылдарымен жеткізді. Арнайы кеш қонақтары ауған соғысының ардагерлері Қуаныш Аблакимов, Нұр­лан Сейтжаппаров, Серік Азнабаев, Жақсылық Аюпов, Амангелді Жа­зыбаев, Алмас Сәрсенбаев, Жұмағали Кенжетөрев, Береке Едігеев сынды батыр ағаларымыз сұрапыл соғыстағы бастан кешкен қиын кезеңдері­мен бөлісіп, құрбан болған жастарды айтып, еріксіз көзге жас ұялатты.
Ауған соғысы 1979 жылы басталып 10 жылға созылды. Айтуға оңай, сұрапыл зобалаң, қаншама тағдырды жалмады. Цифрлы деректерге салсақ, Ауған жерінде сол кезеңде КСРО-ның 620 мыңға жуық, соның ішінде қазақстандық 22 мың адам әскери қызметтерін өтеді. 15 526 адам, соның ішінде – 925 қазақстандық алған жарақаттарымен ауруларынан қайтыс болды. 333 адам (КСРО Қорғаныс министрлігі Бас Штабының деректері бойынша) Қазақстандық 21 адам хабар- ошарсыз жоғалды және тұтқынға түсті. Ауғанстан соғысы Кеңес Одағына ешбір ар-абырой, даңқ әкелген жоқ. Құрбан болғандардың туыстары мен жақындары үшін бұл қасіретті соғыс 1989 жылы ақпандағы әскерлердің шығарылуымен де аяқталған жоқ. Ол тіпті уақыттың өзі де емдеуге дәрменсіз қансыраған жара болып қалып отыр. Осы қантөгісті оқиғаның тәжірибесі әр мемлекет пен халық өздерінің ішкі істерін өз халықтарының пайдасы мен игіліктері үшін дербес түрде шешуге үндеген қайталанбас сабақ болды. Шайқас шебінде соғысты тұтандырушылар емес, майдандағы жауынгерлер қаза болды, – дейді ел үшін ерлік жасаған батыр ағаларымыз өз сөздерінде.
Екі ай ас-ауқатсыз, қара нанды жеп соғыстық. Қаншама жастар ауыр жарақатпен елге оралды. Алайда олардың жарақаты жанына батып тұрса да елге қайтатынына, тірі қалғандарының өзіне риза болды, – деп шер тарқатты ардагер Серік Азнабаев .
Жас жеткіншек бойына патриоттық сезім ұялатып, жүректен шыққан жалынды, рухты сөздерімен, шынайы әңгімелерімен бөліскен ардагерлер №86 орта мектеп оқушыларының өнерлерін тамашалады. Жеткіншектер ағаларына арнау өлеңдерін жеткізді. Патриоттық рухта әндер шырқал­ды. Жүректен шыққан жалынды, сөздермен ардагерлер мен оқушылар арасында сүбелі сұхбат өрбіді.
– Сол ұрыста қаза тапқан жаужү­рек азаматтарымыздың қай-қайсы болса да батыр атағына лайық. Біз еш уақытта да ел үшін жанын пида еткен арыстарымызды ұмытпауымыз керек. Қайта сол ерлердің ерлік істерімен жас ұрпақ бойына отансүйгіштік рухты дарытып, тәрбиелей білуіміз керек. Олардың ерлігіне тағзым етеміз, – деді аудандық музей басшысы Ажар Жанаева
Кездесу барысында білім алушылар көкейде жүрген сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.

Ботагөз МАРАТҚЫЗЫ
14 ақпан 2023 ж. 516 0