Көрдің бе, оның көкесін?
«Қайрылмай қалай кетерсің,
Хабарсыз қалай ол тоқтар.
Көрдің бе, оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар».
Тағдыр-талайы тауқыметті жылдарға тап келген, тумай жатып тайқы маңдайы тасқа тиіп, қарғыс атқан соғысқа аттанған әкелері оралмай, жәутеңкөз күй кешкен балғындарды көргенде кеудесі қақ айрылған ақын көкірегінен төгілген жыр осылай мұң төгетін. Ал бүгін ше? Заманымыз тыныш, бейбіт өмірімізде өспірімдерді өзектен теуіп, тірі жетім етудің қандай ақтап аларлық себеп-салдары бар?
Еліміз бойынша неке бұзу жағдайлары бойынша статистикаға жүгінсек, жаға ұстатарлық деректер алдымыздан шығады. Нақтылап тоқталсақ, 2021 жылы 140 мыңдай жұп отау құрса, 48 мың жанұяның дәм-тұзы жараспай екіге айырылған. Сонда үш отбасының біреуі ажырасады деген сөз. Ал енді өз ауданымыздағы жағдайға келсек, тек соңғы алты айдың өзінде 66 жанұя ажырасуға арыз берген. Оның 30-ы қанағаттандырылған. 11 отбасы медиацианың араласуымен, тағы басқа себептермен ақылға келіп, райдан қайтқа. Қалған 22 отбасының тағдыры әлі қылдың үстінде. Бұл жерде өз еркімен екіге айрылудан айылын жимай отырған еркек пен әйелдің жағдайын жиып қоя тұралық, әке-шешесінің «көзсіз» ерліктерінің арқасында көздері жәудіреп жетім қалар жасөспірімдердің жағдайы жүректі ауыртады-ақ. Ересектер бір пәс осыны неге ойламайды? Неге?
Ашуға беріліп, ажырасуға арыз берудің ақыры бүтін бір тағдырдың тас-талқанын шығарарына бір ғана жанның өмір хиқаясынан сәл-пәл сыр тартып көргеннің көңілі іріп, іші алай-дүлей болары хақ. Бірақ ата-анасы бар, тірі бола тұра қолдан жетімдіктің қамытын кигелі тұрған жеткіншекпен санасып жатқан кім бар? Ата-анасы тастап кеткен жетімектің жан сыры кімге зәру болыпты?
«Жетім қозы тас бауыр, маңырар да отығар» дегендей, жас кеуде жағаға лықтырылып тасталса да тырбанып, тіршілік толқынына табан іліктіруге тырысып бағады. Тіпті бақытты болудан үмітті. Шын бақыттың бағасын бәрімізден артық бағалайтындар да солар.
Осы орайда мақаламызға арқау боларлық бір хақаяны келтіре кетейін. Хиқая болғанда отыз бір жастағы Бақтыгүл есімді келіншектің тағдырын тілге тиек етпекпіз. Бұл тағдыр иесімен Шымкент қаласына ұлымның үйіне барғанымда таныстым, жас отбасы біздің балаларымызбен қатысады екен. Ері қонақтармен сыртқа шығып кеткен еді, оңашада екеуміз шүйіркелесе қалдық. Мені жатырқамай, тіпті жанына жақын тұтып, ішіндегісін ақтарып салғанына қарап, бір жағынан кейіпкерімнің тілін таба алғандығымды көңіліме тоқ санадым. Тіпті келе сала осы мақаланы жазуыма да осы бір қызыммен жасты жәудіркөздің жан сыры себеп болды. Сонымен...
Бақтыгүлді ата-анасы жастайында тастап кеткен екен. Неше жасында, есінде жоқ. Әйтеуір сәл есейе келе бұларды «Дом малюткадан» кәдімгі жетімдер үйіне ауыстырар кез, сол кезде төрт-бес жас шамасында болар, кәдімігідей есінде қалыпты, барлығын паркке апарамыз деп бір сары автобусқа отырғызып, қала ішімен жүріп отырып, бір аулаға кіргізді. Жағалай әткеншектер тұр екен, соған әкеп отырғызғаны сол, осында ойнап жүрген ересек балалар құйындатып айналдыра жөнелсін. Мұның екі көзі әткеншекте емес, мамасындай боп кеткен тәрбиешісін іздеп еді, ол тәтесі бұларды тастап, сары автобусқа жүгіріп мініп, қашып бара жатыр. Соны аңдап қап, шыңғырып жылап, зар еңіреп қалған бұйра бас бүлдіршінді біреуі құшағына алып, жылама деп шашынан сипады. Бұл өзі ерекше екен, тіп-титтей боп байқампазын қара деп бас шайқап жатқандар да болды. Содан бері неше жыл өтті, әлі күнге дейін тұмсығы пұшық сары автобусты көрсе жүрегі зырқ етіп, бір аунап түседі...
Бұлардың балалар үйіндегі өмірін Құдай басқа бермесін. Нәйеті, тамақ жегенде зауқы болмаса не дәмі жоқ, татуы жоқ алдындағысын тауыса алмай отырса тәрбиешілер талап қылып, әуре боп жптпайды екен, ересектерге ым қақса болды, ерігіп тұрғандар ентелеп келіп, еркелігін қағып алады екен. Еркелік қайда, етсіз-нәрсіз қоймалжың бірдеңені аузына зорлап тығып, жемесе ұрып-соғып, тепкілеп тастаудан да тайынбайды. Таяқ жеуден талай аузы қанап, сондайлардың қорлығынан запыста болып, жүрегі шайлыққан бүлдіршіндер не айтса да томпаң қағып алдына түсуге бар, бірақ не жазып қалатынын, жазаланбайтын күндері кем.
Мұның алты-жетіншіні оқып қалған кезі. Ақыл-санасы жетіліп, есейіп қалғандарының белгісі ме, кейде ой-өресі теңдес құрбылар болып, өздерінің мұнда неге жүргенін, келешегін там-тұмдап болса да бастары тоқайласып отырып талқылайтындары бар екен. «Мені мұнда уақытша тастап кеткен, кейін алып кетеді» деп мұрын шүйіретіндер де бар. Мұндайлар некен-саяқ. Айтқанындай, сәлемдемесін үйіп-төгіп, соңынан іздеп келіп, бірдің ғана емес, жалпы шерлі көкірекке үміттің сәулемен үкілеп кететіндер бар. О-о, олардың баласы үшін оң жағынан ай туып, сол жағынан күн туған мереке дей беріңіз бұл күнді. Осы бір бақытты әңгімесі бір жылға азық. Ал Бақтыгүлдің жүрек мұңы басқа. Ол өзін анасының әкеп тастап кеткенін біледі. Бірақ біржолата ма? Әкесі бұларды тастап, кетіп қалған соң анасы жұмыс істеуі керек, осында үкіметтің бағым-күтімінде бола тұрсын деп қалдыра тұрған шығар? Не де болса, ауыр да болса анығын білуге тәуекел еткен, Түн ортасында құұжаттар сақталатын бөлмеге қарауылдан қаймықпай, батылы жетіп кіріп, қаэ-қатар тұрған қағаздардың ішінен өзінің жеке құжатын тауып алды. Шұқщиып тұрып қарағанда көргені «бросили» деген сұмдық сөз еді. Тастанды екен бұл. Анасының енді мұның іздеп келуң неғайбыл. Мұны әдейілеп жетімханаға тастап кеткен.
Алыстан жалтыраған әлсіз үміттің шоғы сөнген сол түні бұл өліп қалам ба деп ойлап еді. Ертесі құр сүлдері төсектен қайта тұрды. Ол күні мүлде тамақ ішпеді десе болады. Апалары аузынан ұрып қанатса да тісін қарыстырып алып нәр татпады. Тағдырға жасаған бар қарсылығы осы ғана екен. Бет-аузы көгеріп, бөлмесіне кеп төсегіне құлаған Бақтыгүл солығын баса алмай, жылап-жыылап, айналасының барлығы ұйқыға жатқан түн қаораңғысында балконға шығып, зеңгір көкке көз салды. Аспандағы ай сол күні толық туып, үлке-е-ен дөңгелек боп төбеден төніп тұр екен. «Әй, Ай,-деді бұл аңырап екі қолын бірдей ұмсынып, «Құдай, менің әкемді жіберші! Жіберші, Ай-Құдай! Күні ертең жіберші. Сағындым әбден көкемді. Енді төзе алмаймын. Жіберші, Құдвй! Мені көріп тұрсың ғой. Келші, көке-е-е!»...
Тәңірім-ау, Құдай бар, және оны көріп тұр екен. Ертесіне, тап сол түннің ертесіне Бақтыгүлдің әкесі келді. Жетімханаға. Қолында қызына деп арнап әкелген тәтті-пәттілері бар. Бақтыгүлді бауырына басып, ұзақ құшақтап тұрды. Бұл сәтте жер бетінде Бақтыгүлден бақытты адам болған жоқ. Енді ешкім ұрмайды, ұра алмайды Бақтыгүлді. Сол күннен бавстап Ешкім Бақтыгүлге қолын тигізбейтін болады. Өйткені оның қорғаны бар. «Қайтып келіп тұрам ғой, алыста жұмыс істеп жатырмын, қолым тимей жүр. Тағы келем, көп-көп базарлық әкелем» деп кеткен әкесі мұның көңіліне өшпес үміттің шырағын жағып кетті. Енді қашан келеді, қанша болсын күтуге бар. Бастысы, Бақтыгүлді іздейтін жан бар.
Бұл жердегілердің жанын шошытатын бір ғана қатыгез атау бар. Ол –жетім, тастанды деген сөз. Туған ата-анаға керек емес, тастанды тағдыр кімге керек сонда? Кімге?
Жетімдер үйінде тәрбиеленгендердің жалпысынаі кәмелеттәк жасқа толғаннан кейін қаланың бір ауданынан баспана беріліпті. Бір ұядан ұшқан бауырлар емес пе, әлі күнге дейін аяқ-табақ араласып, ағайын-туыстан кем емес қарым-қатынас жасап лотырған жайлары бар екен.
Бақтыгүлдің тұрмыс құрған отбасында атасы запастағы полковник шені бар кісі екен, келгеннен келінін жақсы қабылдап, әліге дейін сөзін сөйлеп бетіне жан қаратпайды екен. Жасынан панасыз өскен ғой деп қамқор көңілмен жаны ашиды ма, әлде келінінің бойындағы ерекшелікті көре біледі ме, әйтеуір айрықша көріп, аялаудан танбайды келеді екен. Бақтыгүлдің де кісі сүйсінерлік қылығы көп сыңайлы. Оның айналадағы адамдарды былай қояйық, ауладағы өсірп тұрған өсімдіктермен де сөйлесіп, өзінше күбірлеп жүретінін байқайды екен атасы. Әр талды құшақтап, діңін сылап-сипап, гүлді суарғанда да жүректен шыққан жақсы сөзімен әлдилеген әдемі келіншектің айналаға өң дарытқандай жеміс дараұтары жылдағыдан көп жеміс салып, жасыл желк жайқала түскендей. «Бақтыгүл бұл отбасына бақ болдып келді. Осы келін келгелі үйімізге құт кіріп, ырыс дарыды» деген сата-енесінің сөзі Бақтыгүлдің көңілін көкке шалықтатады.
Төрт бөпесі бірінен соң бірі дүниеге келіп, құлазып тұратын шаңырақты хан базарына айналдырып жібергендей, жаны жаз, көңілі көктем ата-ананың бұдан басқа арманы бар ма?
Бірақ....мына жағдайға не дейміз, осы бір еліне жаққан келіншектің күйеуін бір шөпжелке айналдырып жүргенге ұқсайды. Айналдырғаны сол, жігітіміздің үйге қонбай кетуі жиілепті. Сондай кездері Бақтыгүлдің телефонына ілдебір жақтан жыпырлаған фотосуреттер келеді екен, соңында«Сенің күйеуің нақсүйерінің қасында жатыр. Қазір келсең ұстайсың. Тез жет. Үстінен түс, сөйтіп ондай екіжүзді адамнан қатынасты үз» деген хабарламалары қоса тіркелген жанашыр кеңестер келіп түседі екен. Бақтыгүлге осынгдайда таудай төзім қайдан келді, әлгі айтылғандарға елп ете түсу де жоқ, суреттерді де назар салып қарауға дәті бармапты. Мүмкін, онда,ы басқа біреу шығар, қазір суреттен фотошоп жасай беретін тәсілдің түрі көп қой. Жанұянв бұзуға әрекеттеніп жүргендер ондай қадамға бармасына кім кепіл? Сосын мынау күйеуңі мен нақсүйерініәң ортасында болып суретке түсріп, сосын бұған хабар салып жүрген неқылған адам, не қып жүр ол онда? Деген сауалддарға келіп тіреледі. Күйеуінен сұраса азар-да безер мойындамайды. Қайда қонып жүрсің десе сылтауы мың, сенерін де, сенбесңін де білмейді. Отырып-отырп санаға келетін ой-тұжырымы мынау: желкілдеп өсіп келе жатқан сәбидеріне әке де, ана да керек. Ол екеуі бірі ай, бірі күн ғой. Бала шағасы осы қос аяулысының бірінен де көз жазып қалмаса екен. Бақтыгүлдің бар арман-тілегі осы. Осы жолда белді бекем буып, бар нәрсеге көзді жұма қарауға өзін көндірді. Оған тылсымнан келген ақыл осылай деп тіл қатты. Жауапсыз қала бергеннен жалықты ма, жанды ауыртқан әлгі хабарламалар да сап тиылды. Ішіңкіреп жүрген серіміз де жүрісі азайды. Аяғын шығарып алып, төрт ай төсекее таңылған соң тәубаға келді-ау деймін. «Сені ренжітуге болмайды, Бақтыгүл, - деп былжырайды. Сені ренжітсем, әйтеуір бір нәрсеге ұшыраймын. Былтыр қолым тиіп кеткен кезде ше, не боды, қолым сынды». Бақтыгүл іштей күледі де қояды. Қолы сынса жазым да. Оған менің қатысым қанша деп ой келеді. Ал, тегінде ана біткеннің аппақ, адал тілегіне жетер ешнәрсе жоқ. Бауырындағы сәбиінің бақыыты үшін ьтағдырдың жауынын да, дауылын да қаймықпай қарсы ала білер аналар жүрегі жасасын дегің келед. Жоғарыда сот өкілінің айтуынша, соңғы кещде көп адырасушылық кейін соңғы кезде пайда болған телефон дауларынан өрістеп жатқанын айтып еді. Қолындағы телефонын дауға, қойнындағы күйеуін жауға айналдырған айымкһздер ата-бабамыздан келе жатқан «Еркекке емес, екі босағаңа сен» деген мәтелге мойынұсынса талай отбасы сақталып қалар еді-ау дейміз
Баян Үсейінова