№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ауған – жүректегі бітпейтін жара

Ауған – жүректегі бітпейтін жара


Төменарықтың топырағында туып, сонда ер жетті. «Горняк» мектебінде білім алып, жүрек қалауымен КазПИ-дің физмка-информатика факультетіне оқуға түсті. Отан алдындағы әскери борышын өтеу жолында сапқа тұрғанда 1 курсты оқып жүрген кезі болатын. Жасынан өжет, алған бетінен қайтпайтын қайсар мінезді ұлан спорт үйірмелерінің бірнешеуіне қатар қатысып, өз-өзін шыңдаудан жан аямайтын шымырлығымен қатарластарынан көп ересек көрінетін. Ол алдымен Отар қаласында әскери жаттығудан өтеді. Екі айдан соң-ақ Ауған даласына аттануға бұйрық алған жауынгерлер қатарында Жүсіпов Әли де таңертең Кабулға қонған самолеттен түсіп келе жатып ендігі тағдыры жат жердегі жұртшылықтың жазмышымен мидай араласып кететінін жан жүрегімен түсінген.


Ал бұл елдегі саясат жергілікті халықты тасадан тұрып, тізеге салып, өздеріне басыбүтін тәуелді еткісі келетін дұшмандардың пыйғылымен сан өзгеріп, жағдайдың ушыққан тұсы болатын.
Әли взвод командирінің орынбасары болды. Жан-жақты қабілетінің арқасында ерекше көзге түскен болуы керек, ұрыс даласындағы күнделік бетіндегі украйн жігітінің жазбасында «взводтың негізгі тізгіні осы қазақ жігітінің қолында болды» деген жолдар бар.
Батальон құрамында қазақ, орыс, өзбек, грузин, шешен, белорус, барлық ұлттың баласы бір үйдің жандарындай бауыр болып кетті. Бұл туралы Әли Жүсіповтің «Қаһарман КZ» журналына берген сұх­батында: «Саптағы жауынгерлер қатал жағдайда жанымызды шүберекке түйіп жүрсек те бір-бірімізді дұщманның оғынан қорғадық. Қан шайқаста жараланған қаруласты ажал апанынан сүйреп алып шығуға жанымызды салдық. Оқ тиіп ажал құшқан талай бозымның басынан сүйеп, еңіреп жыладық, Қайта қатуланып, күш алып, дұшпанға деген атойлаған алып қахар, азулы қайратпен қарсы шабуылға аттандық. Азапты күндердің ауыртпалығын осындай ар-намыспен, жалын-жігермен ғана жеңе алатынымызды білдік» дейді.
Сол күндердегі арманның ең үлкені – анасын бір көру болғанын айтады ол. Одан биік тұратын сағыыныш болмайды екен. Ал елге тірі қайтамыз деген үміт аз еді. Өйткені әрбір ұрыста қатарында жүрген бауырлардың 8-10-ынан айрылып, жүректері қан жылап қалатын. Туған жерге тірі оралу туралы үміттері семіп, сыздаған көңілді тажалмен бетпе-бет келтірген Паншер оқиғасы аяусыз паршалап, нешеме бейкүнә бозымның қызғалдақ ғұмырын жапырып кетті. Осы қанды қырғынның ішінде тірі қалған азғантай су ішерлігі түгесілмеген тұлымның қатарында Әлиге де келер таңның жарығын көру нәсіп болыпты. Қанды қасаптың ішінде адам төзгісіз тозақта тауқымет кешкеннің төзімі таусылып, тілегі кесілген тұста үйге қайтуға бұйрық алғанға да сену қиын болып қалады екен.
Әли өзінің жарық ғұмырында Ауған даласынан үйге оралған сәтін мың жылдық бақытпен теңестііріп өткен жан болды. Өйткені бұл күнді көре алмаған қанша тілек қыршынынан қиылды. Құлыншағын сарыла күткен қаншама ананың көз жасы құрғамаған күйі қайтпас сапарға аттанды. Қанша ару қара жамылып, тағдырына қарғыс айтты. Ал бұл болса періштесі қағып, қанды қасаптан аман қайтып, ең алдымен көкірегі шерге толған қайран ананың жанарын жарқ еткізіп, жүрегі жарылардай болған қуанышын көрді емес пе? Ол күнді ұмыту мүмкін бе?
Бұлар мінген ұшақ Ташкент аэродромына қонып, солдаттар табаны жерге тигенде тізерлеп жата қалып, туған жердің топырағын сүйгенін толғана еске алатын еді ол. Ол үшін мына дүниееде «Домой, домой, я еду с Афгана живой» деген өннен артық әуен жоқ. Оқуын қайта жалғастыру үшін Алматыға келді. Институт қабырғасында жүргенінде вокалды инструментальды ансамбль құрып, онда өңшең Ауған соғысы қатысушылары құрамында гитарада ойнаған Әлидің басты тақырыбында патриоттық әндер тұрды. Олар ізбасар ұрпақ жүрегіне адалдықтың, шынайылықтың, отансүйгіштіктің, ерлік пен жігердің, намысқойлықтың не екенін өнердің өлмейтін рухымен қалыптастыра білді. Қарғадайынан қасіретке жаншылып үлгірген жаралы жүректің мұңын төккен қарлығыңқы дауыстардың қуаты көмейінде бұлбұл сайраған әдемі әншілікті он орап алатындай құдыретімен әсерлі-тін. Өйткені одан шын түсіне білгенге азалы көңілден төгілген тарихтың ащы ақиқаты төгіліп тұратын.
Әли оқуды тәмамдап елге келген соң ауылдағы мектепте физика-информатика пәнінен сабақ берді. Өзі тәртіпке бағынған, спортты серік еткен жігіт ауыл балаларын шынайы жауынгерлік рухта тәрбиелеуге бар күшін салды. Жастарды қазақша күреске, таэквондоға шыңдау үшін сабақтан тыс үйірмелерге тартты. Оқушының бос уақытында тек қана пайдалы іспен шұғылдануына бар қажыр-қайратын жұмсап, атамекен өрендерінің қатардан қалмай, сауатты да, салауатты ержетуіне ағалық қамқорлығын аямады. Өтпелі кезеңде тұрмыс тапшылығына ұшырап, жағдайы ауырлаған ағайынның халін көріп, ой кіріп, үлкен қалаға аттанған алып жігіт нарықтық заманға төтеп берер жоба-жоспар түзіп, жаңаша іс бастауға бекінген. Кәсіпкерлігін жолға қойып, табысты тірліктің тетігін табуда замандасқа үлгі болды. Отбасында жары екеуі екі перзент өсііріп тәрбиеледі.
Жазмышқа не дауа, жарты ғасыр ғұмырды артқа тастап, жігіт ағасы болған шағында қасіретті жылдардың қанында түйіршек боп қалған кесапат дерті нар тұлғаны аяқастынан алқымынан алды. Туралап келген ажалға қанша мықты болсаң-дағы қылар қайраның қалмайды екен. Өткен жылдың 21 ақпанында сүйген жар, алтындай балаларын, өзін жанынан артық жақсы көретін аяулы бауырларын қан жылатып, қайтпастың сапарына аттанып кете барды.
Бірақ туған жері, өзі жәннаттан артық санаған алтын бесігі – Төменарықтың әрбір сай-қыратында оның жалаңаяқ кешкен табанының ізі бар, жарқыраған арық суы бауырында балықтай жүзген бозымын жоқтағандай жүдеп тұр. Бағамдай білгенге, табиғаттың да өзін сүйгенмен өзегі бір, тамыры ортақ сынды. Тіпті олар бір-біріне қамал болу үшін жаратылғандай. Бүгінгі кейіпкеріміз – адал перзент, асқақ рухты жауынгер Әли Нуридинұлы туралы толғанғанда еріксіз осындай тұжырымға келдік.

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ

16 ақпан 2022 ж. 1 243 0