Елге қызмет – мінезден
Тұлғатану ілімі «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының басымдығының бірі. Осы ретте, елдіктің жолында еңбек еткен азаматтарды үлгі етіп, насихаттауды жолға қойдық.
Соғыс және еңбек ардагері Бекжұман Сәрсенбаев туралы есті естеліктер ел жадынан өшпейді. Әсіресе ашаршылық жылдары мен соғыс даласындағы еңбегі мен ерлігі тарих беттерінде қатталып қалды.
Ол 1902 жылы 15 тамызда «Әбдіраман ауылында» дүниеге келді. ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде қоғамдық өмірдегі өзгерісті құшақ жая қарсы алып, белсенді еңбекке араласты. Комсомол қатарына қабылданды. №4-5 ауылдарды біріктіріп, «Бақтысай» мақта, бидай өндіретін колхозын ұйымдастыруға қатысты.
Бұл шаруашылықтың 1930-1931 жылы «Екпінді» колхозы атануына ұйытқы болды. Кейін осы колхоздың төрағасы болып сайланды. 1941 жылы Ұлы отан соғысына қатысты. Қанды майданнан екінші топтағы мүгедек болып оралуына карамастан енбек майданына белсенді араласты. Жайылма, Жаңақорған ауылдық Советінің және Ленин атындағы, Жайылма колхозының төрағасы болып, жемісті еңбек етті. Бірнеше рет аудандық партия комитетінің мүшесі, жергілікті Советтің депутаты болып сайланды.
Оның отан алдындағы еңбегі де ескерусіз қалған жоқ. Оған түрлі деңгейдегі марапаттары дәлел. Бүгінде ұрпақтары көздің қарашығындай сақтап, құнды жәдігерге айналдырды. Оның ішінде, Ұлы отан соғысында көрсеткен ерлігіне арналған медальдарды ерекше атау керек. Сондай-ақ, «СОКП қатарында 50 жыл» белгісімен, В.Лениннің 100 жылдығы медалімен және Құрмет грамоталарымен наградталды.
Ақылшы-ұстаз, өнегелі қарт Бекжұман Сәрсенбаевты өнегі өмір жолынан елге қызмет етудің ерен үлгісін көруге болады.
Бекжұман Сәрсенбаевтың айтқысы келген өсиет сөздері мен әңгімелері аз емес. Өзі туралы жазылған өнегелерінен сыр шертіп кетейік. Бір атышулы ұры көпшілік арасында отыр екен, сонда Бекең отырып, «ұры да адам болады екен ғой...» деген екен.
1940-1942 жылдары Сунақата каналын асармен қазу жұмыстары басталып, канал штабы бастығының орынбасары Бекжұман Сәрсенбаев болған. Мұны да ерекше атауымыз керек. Бүгінде бұл канал Сунақта, Екпінді ауылдық округінің нәрі мен табыс көзіне айналды.
Оның басты қасиетін кез-келген сәтте ұрымтал сөз тауып, елді өзіне қарата алатынынан көруге болады. Бірде ағайын арасындағы бір жиында:
– Бәке, сізден басқада найман арасында елдің алдына шығатын ешкім жоқ, – деген екен.
Сонда сөз тауып:
– Неге, менен он есе артық адам бар, – депті.
– Оны немен дәлелдейсің?
– Оны дәлелдейтіндей Алдияр Самарбай орта жүзде ірілік қылды емес пе... Оның қызын оңай-оспақ адам алмайды, менен он есе артық Өтештің баласы Сардар алды.
– Беке, бұл сөзіңізге тоқтадық, уәж болды, – деп тараған екен жұрт.
Бекең қартайып, төсек тартып, үйде жатса керек. Ағайын-туысқандары үйіне келіп жағдайын сұрап отыр екен. Жұрт не айтасың дегенде:
– Алдымда үлкен екі бел бар деп есептеп жүр едім, енді өмірімнің бойына қыл шылбыр салынғандай болды деп жауап беріпті.
Ауылда колхоз басқармасы болып жүргенде Қалыбеков Тазабек деген ауыл азаматын есепшілік қызметіне тәрбиелейді. Бір күні көрші колхозға Тазабекті жұмсапты. Бастықтың күрең жорғасына мінген оны, біраз жер ұзап кеткен кезде, қайта шақыртып алып:
– Тазабек, мен қандай жұмыс дайындадым, қайталап айтып берші? – депті. Ол кісі дайындаған жұмысты қайталап берді. Сонда Бекең дұрыс екен, күрең жорғаның үстіне мінген адам ұмытып қалатын еді, деп қатты сынап тапсырмасының орындалатынына сенімділік білдіріпті...
Бекжұман Сәрсенбаев бойындағы ұйымдастырушылық қабілетін жүзеге асырып, басшылық пен бақылаудың талабын орындап, ауыл халқының әл-ауқатын арттырып, жұмыссыздықты жояды. Соғыс басталғанда өзі қалыптастырған ауыл тізгінін басқа азаматқа тапсырып, қолына қару алып майданға аттанды. Рыжов қаласы маңында, Курск түбінде болған қанды қырғында жараланып,
госпитальға түседі. Елге мүгедек боп оралады.Денесіндегі жарақаттар сыздап ауырады. Ел ішіндегі ауыр жағдай жарақаттан бетер жанына батты.
Ана мен бала еңбегі, қалжыраған қарияның қиналғанына шыдай алмай, соғыстың салған азабын ысырып қойып, еңбек етуге шығады. Шаруашылықты соғыс талабына сай қайта құруды қолға алып,армия мен халықты азық-түлікпен қамту ісін бірінші кезекке қояды. Оңтайлы әдіс ауыл шаруашылығын дамытуға мол үлесін қосады.Бекжұман әкеміз өз тәжірибесін өзге ауылдарға ендіру мақсатында «Жайылма», «Ленин», «Политотдел» колхоздарының төрағасы болып жұмыс істейді. Аудандық партия комитетінің мүшесі, Жергілікті кеңестің депутаты болып қоғамдық жұмыстарды да бірге атқарады.Толымды табыс, орындалған меже, жоғары көрсеткіш, адалдық пен еңбексүйгіштік нәтижесінде Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін медалімен, СОКП қатарында 50 жыл төсбелгісімен, облыстық, аудандық «Құрмет грамотасымен» марапатталған.
Ел арасында «Бекең айтқан екен», «Бекең берген бата», «Бекең айтқан шешім», «Бекең деген екен» деп басталатын тіркестер сақталған. Саралай келсек, ағайынның жіберген ат-тонды айыптарын мойнымен көтергенін, елдің тентегін тезге түсірген уәжді шешімі, өзгенің бойындағы жеке-дара қасиетті тани алатын көрегендігі; өкшелес, үзеңгілес серіктерін ептілік пен зеректікке тәрбиелеуі, өмір маңызын түсіндірер пәлсапаға толы ойлары ізгіліктен айнымаған алып тұлға екенін дәлелдейді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында жетім қалған балаларды үй-үйге тарату кезінде Бекжұман әкеміз бен Оразкүл анамыз орыстың Нина, Лена атты екі қызын бауырына басқан. Асыл ана Оразкүл 11 құрсақ көтеріп, 1 ұл, 7 қызды тәрбиелеп қатарға қосқан. Әкем туған жерге тамырын жайған алып бәйтерек болса, біздер бәйтерек әкенің қолтығына сыймай көкке құлаш сермеген 8 бұтағы болдық. Әкем Бекжұман, аяулы анам Оразкүл дауылға жапырағымызды жұлдырмады, аязға ұрындырмады. Сол бүршіктер өркен жайып,жайқала өсіп, алып бәйтерекке теңеліп, одан да биіктеп өркендеуде.
«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші ата жолын жалғастырды. Раушан, Аманкүл, Ләззат – педагог, Ақтай – экономист, Баян мен Ұлтай – дәрігер, Болған – инженер, Бағдат – агроном болып елге қызмет жасап, елге елеулі болды. Ата жолы ізгі жол. Өседі, өнеді, өркендейді. Міне, жақсы адамның өнегесі осылай жалғаса береді.
Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов «Елге қызмет ету – білімнен емес, мінезден» дегеніндей, Бекжұман Сәрсенбаевтың ғибратты ғұмырнамасынан елге еңбек етуде мінезді болудың айрықша үлгісін көреміз.
Ләззат СӘРСЕНБАЕВА