№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » "Түгіскен" тұқым шаруашылығының күріш егістігіндегі сапар

"Түгіскен" тұқым шаруашылығының күріш егістігіндегі сапар

Аудан әкімі Руслан Рүстемұлы Рүстемов "Түгіскен" тұқым шаруашылығының күріш егістігінде болып, шаруаның жағдайымен танысты.

Мен білетін аудан басшысы қай жерде, қай кезде болсын жұмыс сапары кезінде ең бірінші бірге жүрген жандардың толық аты - жөнін біліп, сол есімнің шығу тарихын айтып, үлкен талқылау жүргізіледі. Егістік алқабында күрішші Бауыржан есімді ағамызбен танысу барысында оның тегі де Үсенов екенін естіп, қазақтың көрнекті ақыны Бауыржан Үсенов жайлы біршама мағлұмат беріп өтті. Шыны керек, өзім кітап оқудан жұрдай болғандығымнан және ақын жайлы алғашқы рет естіп тұрғандықтан, «ол кім» деп сұрауға және білмегеніме ұялдым. Әкім мен күрішшінің қасында танитын сияқты тұра бердім және бір ойым қазір менен ақын Бауыржан Үсенов сұраса не деп жауап беремін деп қиналдым. Аз уақыттан соң ақын жайында Руслан Рүстемұлының жазбасынан оқыдым.

Енді сол әкім жазбасынан қысқаша үзінді.

Ақын Бауыржан Үсенов 1960 - 1991 жылдары өмір сүрді. Жамбыл облысы, Жуалы ауданында дүниеге келген — жазушы, ақын, журналист. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Інісі, ауған соғысының ардагері Біржанмен қатар оқыдым.

Жыр құрадым таба алмай толымды ырғақ,
Сықылықтап күледі сорым жырлап.
Тұман-тұман ойлардың түкпірінен,
Тіршіліктің маягі қолын бұлғап, – деген өлеңі есімде қалыпты.
Өмірден ерте өтсе де артында өшпес өнеге қалдырған қаламгер Бауыржанның есім - сойын көтеріп жүрген күрішші Бауыржанға ұрпақтарың азаматтық лириканың байрағын биік ұстар ақын болсын деп тілек білдірдік деп өз жазбасын аяқтады.

Ал мен әдеттегідей естелік ретінде ұялы телефонымның камерасына түсіріп алдым.
19 шілде 2021 ж. 512 0