20 ШІЛДЕ ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ
19 шілде – арапа, 20, 21, 22 шілде – Құрбан айт мерекесі. Пандемия жағдайына байланысты 20 шілде күні Құрбан айт намазы оқылмайды. Сонымен қатар, құрбан шалу рәсімі бұрынғыдай мешіттерде жүзеге асырылмайды. Жергілікті әкімшілік пен бас санитардың келісімімен арнайы орындарда жүргізілетін болады. Рәсімге құрбан шалушы да, ет алушы мұқтаж жандар да қатыстырылмайды, - деді ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша Бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы.
Бұл жұмыстарды жүргізу үшін ҚМДБ-ның сайты арқылы құрбан шалушы онлайн тапсырыс бере алады. Тапсырыстарды арнайы құрылған штаб жүзеге асырады. Құрбан шалушыға қажеттігінше фото-видео есеп беріледі. Етке мұқтаж жандардың тізімі «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығынан алынады. Сайт арқылы өтініштер де қабылданады. Оны мешіт имамдары мен еріктілер тобы таратып береді. Облыс бойынша құрбандық шалуға арналған орын болып «KZO.ЕТ» және «Нұрболат» қасапханасы бекітілді. Шариғат бойынша, сойылатын малдардың да өз талаптары бар. Осыған орай, биыл іріктелген малдардың ортақ бағалары да шығарылды.