№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ

ҚҰРБАН АЙТҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖИЫНЫ ӨТТІ



ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлының жетекшілігімен Құрбан айт мерекесі қарсаңында атқарылатын жұмыстарды талқылау мақсатында қала және аудан имамдарының кеңейтілген жиналысы өтті. Жиналысқа Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов, Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ директоры Бақытжан Камалов, Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Жангелді Шаимбетов қатысты. Сөз кезегінде: Облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қуаныш Қуантқанұлы келе жатқан ұлық Құрбан айт мерекесімен құттықтап, әкімшілік тарапынан имамдарға әрқашан қолдау көрсететінін айтып, ұсыныс-тілектерін тындады. Ал, Денсаулық сақтау басқармасының басшысының орынбасары Жангелді Мырзагелдіұлы имамдардың халықпен тығыз байланыста екенін ескере отырып, аталмыш мейрамда еліміздің эпидемиологиялық жағдайының ушығуына байланысты санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.


Жиналыста «Зекет және қайырымдылық қорының» Қызылорда облысындағы өкілі Жидебаев Оңталап Құрбан айт мерекесіне орай дайындықты баяндады. Бас имам Болатбек қажы Ұласқанұлы ұлық мерекеге имамдардың онлайн және офлайн режимде дайын болуларына, діни рәсімді мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдары тарапынан рұқсат берілген жергілікті қасапханаларда санитарлық ережелерді қатаң сақтауларына, қасапшыларға шариғат талаптарына сай мал сою ережелерін толықтай түсіндіруіне, арнайы QURBAN2021.KZ жұмыс штабын бекіту сынды тапсырмалар берді.

Сонымен қатар, Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің наиб имамдарының жарты жылдық есебі тыңдалды. Болатбек қажы Ұласқанұлы имамдарға ҚМДБ бекіткен 7 бағыт бойынша жұмыстарға басымдық берілуін, ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен жарық көрген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты кітапты халыққа насихаттауды, діни мақалаларды көбірек жазуды, карантин жағдайына байланысты онлайн уағыз-дәрістерді жүйелі түрде өткізуді, халық тарапынан қойылған сұрақтарға дер кезінде жауап беруге және жат ағымның алдын алу бойынша жұмыстарды күшейтуді міндеттеді.

Жиын соңын Бас имам Ұлық мерекені жоғары деңгейде өткізіп, шынайы ықыласпен асыл дінімізге қызмет етуде ынтымақ-бірлігімізден айырмауынан Алла нәсіп етсін! - деп дұғамен аяқтады.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша баспасөз қызметі
15 шілде 2021 ж. 488 0