№24 (8735) 23

23 наурыз 2024 ж.

№23 (8734) 19

19 наурыз 2024 ж.

№22 (8733) 16

16 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Мүфтият Құрбан айт мерекесі қай күні басталатынын хабарлады

Мүфтият Құрбан айт мерекесі қай күні басталатынын хабарлады

Биыл Құрбан айт мейрамы 11-13 тамыз күндеріне белгіленіп отыр

  Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2019 жылы Құрбан айт мерекесі тамыз айының 11-і күні басталатынын хабарлайды.
Астрономиялық тұрғыдан Айдың тууы бейсенбіге, яғни 1 тамызға сәйкес келеді. Ал, 2 тамыз зулхиджа айының бірінші күні болып саналады.
Арапа күні 10 тамызға сәйкес келеді. Арапа – қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін күн.
Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арапа күні ауыз бекіту – мұстахап (жағымды) амал. Әбу Қатадан жеткен хадисте: "Арапа күнінің оразасы өткен және келер жылдардың күнәларына кәфәрат (кешірім) болады..." делінген.

 
  Жағдайы бар мұсылманның құрбан шалуы – уəжіп (міндет). Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Құрбандық малы айт намазынан кейін айттың үшінші күні күн батқанға дейін шалынады.
Құрбандық етін үшке бөліп таратуға болады. Бір бөлігі өзіне қалады, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге беріледі, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж кісілерге таратылады.

03 тамыз 2019 ж. 1 489 0