Сүйел сүйектен өтпесін
Соңғы уақыттары денесіне шыққан сүйелден арыла алмай, дәрігер мен емшіні қатар жағалап жүргендер көп. Ресми мәліметтерге сүйенсек, ол 50 пайыз адамның ағзасында кездеседі екен. Мамандардың пікірінше, сүйел денсаулыққа қауіп төндірмейді. Бірақ, адамның сыртқы көрінісіне кері әсер етіп, адамға ыңғайсыздық тудыратыны сөзсіз. Көпшілігі жайбасарлыққа салып, үй-жағдайында кетіруге тырысады. Қазіргі заманда, вирустың бұл түрі халық арасында кең таралған. Әсіресе, саусаққа жиі шыққыш келеді, кейде табанға, бетке де шығып жатады. Біздің өңірімізде сүйел көбіне балалар арасында жиі кездеседі екен. Алайда, әйелдер мен ерлерде де ешқандай жасқа қарамастан кездесе беретіні де жасырын емес. Олай болса бұл неден пайда болады? Осы жөнінде тері аурулар дәрігері Мақсат Рашидиновпен сұхбаттасуды жөн көрдік.
– Айтыңызшы, сүйел деген не? Ертеректе бірлі-екілі адамдардан ғана көруші едік. Соңғы уақытта жиі кездесетін болды. Ол неден пайда болады?
– Сүйелді ұсақ микробтар тудырады. Бірақ, олардың өсіп-жетілуіне жүйке жүйесінің әсері де бар. Кейінгі кездері сүйел жиі кездесетін сырқаттың түріне айналып отыр. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер арасында кеңінен тараған. Сырт қарағанда сүйел кесел сияқты көрінбейді. Ол теріге жабысып біткен шағын ғана өзекше өскін. Бүгінде оны кетіру жолдары өте көп. Емдеу жолдары дәрілік препараттармен және хирургиялық жолмен алып тастау түрі де бар. Көбіне 1 аймен 6 аралығында құтылу оңай. Сүйелдің үстіңгі беті әдетте мүйізденіп тұрады. Одан қабынудың, ісінудің белгісі байқалмайды және саусақпен басып көргенде ауырмайды. Түсі қалыпты теріден оншалықты ажыратылмайды. Сүйел терінің әр тұсына бір-бірлеп те, топтасып та шыға береді. Жиі шығатын жері – алақан мен саусақтың сырты. Кейде дененің басқа тұстарына да шығады. Бір-біріне жақын орналасқан сүйелдер көбінесе тұтасып қотырға айналады. Көбінесе сүйелдің біреуі ірі, қалғандары ұсақ болады. Ал кішкентайлары ірісінің айналасына орналасады. Медицинада оларды «аналық» және «балалық» сүйелдер деп атайды. Кейде сүйел бүкіл денеге де жайылып кетеді. Мұндай
жағдай ағзаның ауруға қарсы тұру қабілеті, яғни иммундық жүйесі әлсірегенде кездеседі. Сондықтан мұндай кезде ол тырнақты да зақымдайды. Ауру сезімі күшейеді. Жалпы, сүйелдің түріне қарай емдеу түрі тағайындалады.
– Сүйел жұқпалы ма? Сақтанудың жолы қандай?
– Бұл вирус қол алысу, сүйісу және ортақ гигиеналық заттармен қолданған кезде жұғады. Сонымен қатар, жыныстық қатынас арқылы да жұғуы мүмкін. Қоғамдық моншаларда және бассейндерде, жоғары ылғалдылық болғандықтан, инфекцияны жұқтыру қаупі артады. Ауру белгілері бірден байқалмайды. Ол адамның ағзасында ұзақ уақыт бойы өмір сүре алады. Сондай-ақ, иммунитеттің төмен болуы, дұрыс тамақтанбау, дәрумендердің жетіспеушілігі, экологиясы нашар аумақта өмір сүру және ұйқының бұзылуы, сүйелдің пайда болуына себепкер бола алады. Үй-жағдайында кетіру жолдарына тоқталсақ. Ең таралған әдіс сүйелшөпті (чистотел) қолдану. Күніне 2 рет сүйелшөптің шырынымен сүртіп отырсаңыз, бірнеше күннің ішінде түсіп қалуы керек. Қарапайым әдістердің бірі йод. Қолыңызды жуып, мақта таяқшасын йодқа матырып, сүйелдің түп жағына жағыңыз. Процессті, сүйел құрғап қалғанға дейін жалғастырыңыз. Йодтың орнына салицил қышқылын қолдануға болады. Көптеген адамдар, сүйелге қарсы ең тиімді емге сарымсақты жатқызады. Өйткені оның, терідегі түрлі жараларды жоятын қасиеті бар. Сарымсақты ұсақ бөлшектерге кесіп, сүйел шыққан орынға басып, үстінен бинтпен орап тастасаңыз жеткілікті. 1,5 сағаттан кейін бинтті шешіп, жара тұрған жерді сабынмен жуу қажет. Бұл әдісті күніне 2 рет қайталаңыз. Азотпен сәл күйдіру. Оны дәріханадан сатып ала аласыз. Қымбат дәрі болғанына қарамастан, сүйелді жылдам уақытта кетіреді. Егер, осы тәсілдердің ешқайсысы көмектеспеген жағдайда, дәрігерге көрініңіз.
– Сүйелдің алдын алу жолдары қандай?
– Қолыңызды сабынмен жиі жуыңыз. Ыстық күндері, бактериялар белсенді таралады. Сондықтан, күнделікті шомылып отырған дұрыс. Дененізде жара пайда болса, антисептикпен емдеп, үстіне пластырь жабыстырыңыз. Бассейн, душ, жаттығу залы және саунаға барған кезде, аяқ киіміңізді шешпеңіз. Сүлгі және жеке гигиена заттарын өзінізбен бірге алып барыңыз.
P.S.: Маман осылай кеңес берді. Байқағанымыздай кеселден сақтанудың басты кілті – тазалықты сақтауға келіп тіреледі екен. Тазалық денсаулық кепілі деген қағиданы көңілден шығармасақ бұл дерттен аулақ боламыз.
Әсел КЕНЕСҚЫЗЫ