Тайқазан тұғырына қонған күн
Шығыс күнтізбесі бойынша 12 жылдың бірі – жылан жайлылығымен ерекше. Мысалы, тоқыраудың тоңы еріп, жылымығы жайылған 1989 – Жылан жылында, әуелі берекенің басы – Наурыз оралса, осы жылдың күзінде, яғни 18-ші қыркүйек күні – қазынамыздың құты Тайқазан өзінің ежелгі тұғыры Түркістан шаһарындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жайғасты.
Бұл шара аса үлкен рухани-тарихи құбылыс ретінде елдің еңсесін көтеріп, жұрттың жүрегін жадыратты. Осы оқиғаның басы-қасында болып, қасиетті қазынаның тұғырына қонған сәтін көзімен көрген «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Egemen Qazaqstan») газетінің Шымкент облысындағы меншікті тілшісі А.Жолдасбеков газеттің 1989 жылғы 30 қыркүйек күнгі санына «Қайта оралған қастерлі дүние» атты мақала жариялапты. Онда: «Қасиетті Тайқазан араға 54 жыл салып қара жұртына қайта оралды. Қазанды көру үшін Қоқан, Әндижан, Самарқант сияқты қиырдағы қалалардан ат арылтып келген ағайындар мен Түркістан қаласының тұрғындарын бұл іс шаттыққа бөледі. Халық қазанды Ленинградтан алып келе жатқан 67-89 нөмірлі «КамАЗ» машинасын атшаптырым жерден тосып алды. Сол сәтте бұдан алты ғасыр бұрын, яғни 1399 жылы Абдель Азиз шебердің басшылығымен құйылған қазанның ернеуінен тағылымы шексіз тарихтың терең сырлары лықсып төгілгендей болды. Жеті түрлі металл қоспасынан құйылған, биіктігі 170 сантиметрге жуық, ернеу диаметрі 2,60 метр, салмағы 2 тонна, қазанның сырты қиял жетпес айшықтармен өрнектеліп, оған «Адамды сыйла, адамгершілікті әз тұт» деген ғибрат жазылған. Тайқазан қуатты кран, жүздеген қолдың қаумалауымен жерге түскенде, қызылды-жасылды киінген қыз-келіншектер оған тағзым етіп, ақ жаулықты әжелер тұс-тұстан шашу шашты. Ұзақ жолды небәрі төрт күнде жүріп өтіп, қазанды келер мерзімінен екі күн бұрын жеткізген шопырлар Ш.Еркінбаев пен М.Жолымбетов және милиция сержанты Б.Сандыбаевқа ел ықыласы ерекше» деп тарихи көріністі шынайы суреттепті.
Осы орайда бұл жәдігер қалайша Ленинград асып кетті, оны қайтарып алу үшін қандай жұмыстар жүргізілді деген сұрақ туары анық. Бұған дейін аталған тақырыпты қаузаған мақала, сұхбат, т.б. көп жазылды. Соның ішінде 2017 жылы 24 ақпан күні «Egemen Qazaqstan» газетіне жарияланған, журналист Қорғанбек Аманжолдың Түркістан қаласының құрметті азаматы Нұрмахан Назаровпен жүргізген сұхбатында жоғарыдағы сұраққа нақты жауап бар.
Газетте жазылған дерекке үңілсек, 1935 жылы 11-16 қыркүйек аралығында Эрмитажда «Иран өнері мен археологиясы» атты ІІІ халықаралық Конгресс өтіп, оған Аустрия, Англия, Ауғанстан, Германия, Голландия, Дания, Иран, Испания, Палестина, Польша, Сирия, АҚШ, Түркия, Финляндия, Франция, Чехословакия және Швеция барлығы 18 елден 188 делегат қатысқан екен. Осы басқосу кезінде үлкен көрме ұйымдастырылады. Оған Эрмитажда тұрған керемет жәдігерлермен қатар, Әзербайжан, Армения, Грузия, Қазақстан, Түрікменстан және Украина музейлерінен экспонаттар қойылды. Осы шараға Ленинград мұражайы Түркістанда тұрған тайқазанды алып кетеді. Құжат бойынша қазанды көрмеге уақытша қою үшін алғаны жайлы құжат сақталса да, құнды дүниеге бауыр басқан ресейлік ағайындар қазанды қайтарғысы келмей ұстап қалған. Сөйтіп еліміз тәуелсіздікке ұмтылған жылдары ынталы тұлғалардың атсалысуымен «Тайқазанды қайтару» мәселесі көтеріледі. Бұл іске мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Өзбекәлі Жәнібеков пен сол тұста «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей директоры Нұрмахан Назаров бастамашы болғаны анық.
Аға буынның есінде болар, КОКП Орталық Комитеті 1985 жылы сәуір айындағы пленумында одақтас республикалар халықтарының төл тарихына, ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне жол ашқаны бар. Осы шешімді алға ұстаған ынталы топ Одақ басшыларына Эрмитаждағы қазанды қайтару жөнінде қоғам, әдебиет және өнер қайраткерлерінің қолдары қойылған хаттар жөнелте бастайды. Ол хаттар КОКП басшылығына, КСРО Жоғарғы Кеңесіне елімізден сайланған делегаттар мен депутаттар арқылы тапсырылып жатты.
Соның бірі – 1989 жылдың 6 шілдесі күні Қожа Ахмет Ясауи мавзолейі ұжымының атынан, КСРО халық депутаттарының съезіне жеделхатта: «Мәскеу. Кремль. Халық депутаттарының съезі. КСРО Жоғарғы Кеңесі төрағасының бірінші орынбасары А.Лукьянов жолдасқа. Екі мың жылдық тарихы бар ежелгі Түркістан қаласының еңбекшілері Эрмитаждағы Тайқазанды өзінің нағыз иесіне, Қожа Ахмет Ясауи музейіне қайтаруды өтінеді» делінсе, Қазақ КСР депутаттары Н.Назарбаев, О.Сүлейменов, М.Шахановтың атына да аталған мәселеге ықпал ету жайлы жеделхат жолданды. Осыдан дәл жиырма сегіз күн өткенде КСРО Мәдениет министрі В.Захаровтың Тайқазанды Түркістанға қайтару туралы бұйрығы шықты.
Қазан қайтару мәселесінің басы-қасында жүрген Нұрмахан Сейсенұлы өзінің естелігінде: «Сол кездерде көп жылдардан бері орындалмай қапалы еткен халқымыздың аманат-арманын іске асыруға болашақ Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың аса зор жәрдем-шарапаты тигенін айрықша атап айтуға тиіспін» («Egemen Qazaqstan». Тайқазан елге тәуелсіздік қарлығашы болып оралып еді. 24 ақпан, 2017 ж.) деп жазғанынан құнды мұраның қайтарылуына Нұрсұлтан Әбішұлының зор ықпалы болғанын аңғарамыз.
Осылайша ұлт тарихында үлкен орны бар Тайқазанның оралуымен, марқұм академик Өмірзақ Айтбаевтың сөзімен айтқанда, еліміздің ырысы, дәулеті болып қайта келді. Сонымен бірге қазақтың бүкіл қасиеті оралды деуге болады. Қасиетті Тайқазан тұрған Түркістан қаласы қазір түркі әлемінің мәдени астанасына айналып келеді. Ендеше, ежелгі ошағына қонған құтты қазынамыздың іргесі бүтін, түтіні түзу болғай!