№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жаңақорған аудандық соты көшпелі сот отырысын өткізді

Жаңақорған аудандық соты көшпелі сот отырысын өткізді


Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.У.Тунгышбаевқұқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде кәмелетке толмағандардың арасында профилактикалық жұмыстарын жүргізу мақсатында Жаңақорған аудандық аграрлы-техникалық колледжінде студенттердің қатысуымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша көшпелі сот отырысын  өткізді.

Істің мән-жайына сәйкес, құқық бұзушы А. 9 наурыз 2018 жылы сағат 01:00 шамасында «AUDI C4» үлгісіндегі автокөлігін Жаңақорған ауданы, Төменарық ауылында спирт ішімдігін ішіп, алкогольдік масаң күйде автокөлік басқарып, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы А. аталған баппен кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды.
Сот отырысы аяқталғаннан кейін Жаңақорған аудандық сотының судьясы И.У.Тунгышбаев студенттердің сұрақтарына жауап беріп, осы санаттағы және басқа да қаралған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне қатысты түсіндірме жүргізіп, қатысушылармен өзара пікір алмасты.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Э.Серікбаева,
Жаңақорған аудандық сотының маманы.
29 наурыз 2018 ж. 1 266 0